Алматы тауларында мұздықтар еріп жатқан жоқ – қалалық ТЖД

1994

Алматы тауларында мұздықтардың еру процесі байқалмайды. Бұл туралы қала маңындағы тауларға аэровизуалды шолу жүргізу барысында белгілі болды.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткендей, Алматы қалалық ТЖД, «Қазселденқорғау» ММ, «Қазгидромет» РМК Алматы қаласы бойынша филиалының мамандары шаһар маңындағы тауларды кешенді бағалау мақсатында аэровизуалды тексеру жүргізді.

«Тауларда мұздықтардың абляция (еру) процесі байқалмайды. Барлық мореналық көлдер қысқы режимде болуына байланысты қала тұрғындары мен инфрақұрылымына қауіп төндірмейді»,-делінген департамент хабарламасында.

Айта кетейік, аэровизуалды шолу теңіз деңгейінен 800-4200 метр биіктікте өтті. Іле Алатауы жотасы өзендерінің бассейндері бойынша Ақсайдан Түргенге дейінгі биік таулы мореналық көлдер мен мұздықтардың, сел ойықтары мен ошақтарының жай-күйі зерттелді.

Алматы қалалық ТЖД таулы жерлерде қар көшкінінің байқалуына байланысты азаматтарға тау баурайларына шықпауды ескертті.

Еске салайық, кеше Кіші Алматы шатқалында жарақаттанған жасөспірім құтқарылғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ жақында Алматы тауларында қар көшкіні жүріп, қар астында Франция азаматы қаза тапты.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить