Нұр-Сұлтан - Әбу-Даби бағытында жаңа әуе рейсі іске қосылды

1953

 Елордадан Әбу-Даби қаласына жаңа әуе рейсі іске қосылды, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі азаматтық авиация комететіне сілтеме жасап.

«2022 жылғы 14 ақпанда ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясы арасындағы бірлескен мәлімдеме аясында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің астаналары арасында жаңа тұрақты рейс ашылды. «Wizz Air Abu Dhabi» әуе компаниясының Нұр-Сұлтан – Әбу-Даби бағыты бойынша рейстері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, әуе компаниясының жұмыс кестесіне сәйкес А-321 типті әуе кемесі қатынайды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта аталған бағыттағы әуе рейсі дүйсенбі және жұма күндері орындалатыны және билет құны 20 евродан басталатыны айтылған.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить