Түркістан облысында екпе алуға тиіс халық 100% вакцина салдырды

1590

Түркістан облысының тұрғындары 100% коронавирусқа қарсы вакцина алды, деп хабарлайды  Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы екпе салдыру көрсеткіші бойынша алдыңғы үштік қатарында.

Өңір эпидемиологтарының зерделеуіне сәйкес, жаппай вакцина алудың арқасында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар ауруды жеңіл өткеріп, өлім санын азайтуға айтарлықтай септігін тигізіп отыр.

Облыста Covid-19 инфекциясына қарсы вакцина салдыруға жататын азаматтардың саны - 1 млн 046 130.

Облыста вакцина салдыру науқаны басталған 2021 жылдың ақпан айынан бүгінгі күнге дейін, І-компонентті салдырғандар саны 100% жетті.

Ал, вакцинаның ІІ компонентін алған тұрғындар саны 98,7% құрап отыр.

Өңір эпидемиологтары «жоғарыдағы көрсеткіш карантин талаптарын сақтамауға болады дегенді білдірмейді» дейді.

Себебі, 15 қаңтар күнгі эпидемиологиялық бағалау матрицасы бойынша Түркістан облысы «жасыл» аймақтан «сары» аймаққа енді.

Сондықтан эпидемиологтар тұрғындарды ревакцинациялануға шақырып отыр.

Бүгінде Түркістан облысында ревакцина алғандар саны 58 809-ға жетті.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить