Атырау қаласының әкімі қызметінен босатылды

2031

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл деректі облыс әкімінің баспасөз қызметі растады. «Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев емделу үшін 30 желтоқсанда еңбек демалысын алған болатын. Қала әкімі 10 қаңтарда жұмысқа кері шақыртылып алынды. Алайда, ол келесі күні денсаулығына байланысты еңбекке жарамсыздық парақшасын аштырды. Облыс әкімінің өкімімен Қайрат Оразбаев 14 қаңтар күні өзінің өтініші негізінде Атырау қаласы әкімі қызметінен босатылды. Қазір Атырау қаласы әкімінің міндетін атқару қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражановқа жүктелді», -деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить