Батыс Қазақстанда 150 млн еуроның жобасы іске асырылады

827

Батыс Қазақстан облысында жаңа сүт зауыты мен құс фабрикасы салынады. Жобалардың жалпы құны 150 миллион еуроны құрайды, деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев, деп хабарлайды Sputnik.

"Шетелдік инвесторлармен облыстың екі ауданында жалпы инвестиция көлемі шамамен 150 миллион еуро болатын жылына 40 мың тонна құс етін өндіретін ірі құс фабрикасы мен сүт зауытын салу туралы келісім жасалды", - деді әкім брифингте.
Сондай-ақ, облыста кірпіш зауыты, мұнай жылыту пеші, сүт-тауар фермасының құрылысы және басқа да жобалар аяқталуға жақын.

Жалпы Есқалиевтің айтуынша, 1994 жылдан бері Батыс Қазақстан облысының өнеркәсіп өнімінің жылдық көлемі 258 есеге өскен. Негізгі капиталға салынған жылдық инвестиция 2,8 миллион теңгеден 481,5 миллиард теңгеге дейін өсті.

Алайда 2021 жылдың он айының қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіп өндірісінің 7,2%-ке және негізгі капиталға инвестициялардың 22%-ке төмендеуі байқалды. Бұл газ конденсаты өндірісінің төмендеуіне және "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг" инвестициясының жоспарлы азаюына байланысты болып отыр.

Өңірдегі экономиканы әртараптандыру үшін 1,6 триллион теңгеге 70 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Биыл газды қайта айдауға арналған төртінші компрессор, сондай-ақ жиһаз фабрикасы, сүт зауыты, өнеркәсіптік жылыжай кешені, пластмасса қалдықтарын өңдеу, заманауи демалыс базалары сынды ірі жобалар пайдалануға берілді.

 

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/regions/20211202/18811474/Batys-kazakstan-euro-zhoba.html

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить