Коронавирусқа қарсы ақылы вакцина қанша теңге тұрады – Цой жауап берді

2022 жылы Қазақстанға жеткізілетін коронавирусқа қарсы ақылы вакциналар қымбатқа түспейді, деп санайды денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Үкімет отырысынан кейін журналистер министрден коронавирусқа қарсы ақылы вакцина шамамен қанша тұратынын сұрады, Sputnik деп хабарлайды.

"Мен мұны айта алмаймын, өйткені бұл коммерциялық сегмент. Бірақ жалпы вакциналар қымбат емес. Егер басқа вакциналарды алсақ, олардың бағасы 2 мыңнан 5 мың теңгеге дейінгі аралықта. Сол себепті бұл жерде вакциналардың коммерциялық сегментте қандай бағамен сатып алынатынына назар аудару қажет", - деді Цой журналистерге үкімет кулуарында.
Айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі негізгі дистрибьюторларға хабар берген. Қазір олар келесі жылы ел аумағына ақылы вакциналар жеткізу мәселесін пысықтап жатыр.

Министр алдағы ақылы вакцинация тегін вакцина салдырғысы келмейтін қазақстандықтар үшін "баламалы аналог" болатынын мәлімдеді.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/densauly/20211026/18499699/Koronavirus-vaktsina-baga-Tsoy.html

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте