ISU Junior Grand Prix: Михаил Шайдаров күміс жүлдеге ие болды

1251

Мәнерлеп сырғанаудан қазақстандық спортшы Михаил Шайдаров ISU Гран-при кезеңінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Польшаның Гданськ қаласында мәнерлеп сырғанаудан жастар арасында ISU Гран-при кезеңі мәресіне жетті. Қос бағдарлама нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасының спортшысы Михаил Шайдаров 207.3 ұпайын еншіледі. Бұл көрсеткіш отандасымызға жалпы жарыс кестесінде екінші бағаннан көрінуге мүмкінді берді.

Ресейлік Глеб Лутфиллин (231.26) ISU Junior Grand Prix кезеңі саналған Baltic Cup 2021 додасының жеңімпазы болды. Ал оның командасы Егор Рухин (202.28) үздік үштікті қорытындылады. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить