Тоқаев экология министрін тағайындады

1119

Sputnik - Қасым-Жомарт Тоқаев экология, геология және табиғи ресурстар министрін тағайындады.

"Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып Брекешев Серікқали Аманғалиұлы тағайындалсын", - делінген бұйырық мәтінінде.

Бұған дейін мәжіліс Брекешевтің экология, геология және табиғи ресурстар министрі ретіндегі кандидатурасын мақұлдады. Серікқали Брекешев депутаттарға Қазақстанның су саласын реформалау, суды үнемдеу және цифрлық технологияларды енгізу жоспары туралы айтып берді. Сонымен қатар министрліктің геологиялық барлау саласының да ұсыныстары таныстырылды.

Ведомствоның бұрыңғы басшысы Мағзұм Мырзағалиев энергетика министрі болып тағайындалды.

Серікқали Брекешевтің өмірбаяны

1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында туған. 1995 жылы Атырау политехникалық институтын "Мұнай және газ кен орындарын игеру"мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын "Қазақстан-Ресей сауда үйі" БК, бас директордың орынбасары, экономист қызметінен бастаған.

Одан кейін Ақтау қаласындағы Салық бөлімі, инспекторы, "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ "Мұнайгермес" материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы, 8-ші разрядты инженері, "Қарақұдықмұнай" ЖАҚ, мұнай өндіру жөніндегі мастер, пайдалану жөніндегі инженер, кәсіпшілік менеджері болып қызме атқарды.

Энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық қызметтер атқарған. "ҚазТрансГаз" АҚ құрылымында ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департаментінің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары болды.

2020 жылдың 5 наурызынан бастап – ҚР экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметінде болды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить