Бірінші жартыжылдықта 6 мыңға жуық рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды

1260

Жақында Экологиялық реттеу және бақылау комитеті аумақтық экология департаменттерінің 2021 жылғы бірінші жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады.

Алқа барлық аумақтық департаменттер басшылығының қатысуымен ZOOM платформасы арқылы өтті.

2020 жыл Комитет пен оның аумақтық департаменттері үшін жаңа кодекстің қабылдануымен, Жол карталарын бекітумен және басқа да көптеген жаңалықтармен ерекшеленді, осы жылдың бірінші жартыжылдығы оларды қабылдаудың тиімділігін бағалауға мүмкіндік берді.

Сонымен, 2021 жылдың 1 жартыжылдығында республика бойынша 570 экологиялық тексеру жүргізілді, нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 1338 нұсқама берілді, олардың 52% - ы орындалды.

Бұл ретте бұзушылықтарға жол берген кәсіпорындарға жалпы сомасы 707,13 млн.теңгеге 1128-ден астам әкімшілік айыппұл салынды.

Бүгінгі күні «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-мен бірлесіп 5811 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды, оның 34% - ы жойылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазіргі уақытта бүкіл республика бойынша табиғи қоқыстардың пайда болуын жою және оны болдырмау мақсатында рекреация аймақтары бойынша рейдтер жүргізілуде.

Бұдан басқа, бекітілген Жол карталары мен өңірлердің экологиялық проблемаларын шешу жөніндегі кешенді жоспарлар шеңберінде бірқатар басқа да іс-шаралар өткізілді.

Нақтырақ айтқанда, Атырау облысы бойынша мұнай өңдеу зауыты «Тухлая балка» булану алаңдарын рекультивациялауды бастады. Биыл Атырау қаласының сол жағалауында тазарту құрылыстарының жаңа кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 2023 жылы аяқталатын ескі КТҚ қайта құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы «Квадрат» буландырғыш тоғанын тазарту аяқталады.

Ақтөбе облысында ферроқорытпа зауытында цехтарды жаңғырту және қайта құру бойынша жобаны іске асыру басталды. 2022 жылдың соңына қарай шығарындылар 30% - ға төмендейді.

Алматы қаласы бойынша 2 және 3-ЖЭО жаңғырту жобасы іске асырылады.

Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ 2025 жылға дейін атмосфераға шығарындыларды 30% - ға төмендетуге міндеттенеді.

Шығыс Қазақстан облысында «Қазмырыш» ЖШС атмосфераға шығарындыларды 20% - ға төмендетеді деп күтілуде. Сондай-ақ қолданыстағы ҚТҚ полигондары сәйкестендірілетін болады.

Маңғыстау облысында «Қошқар ата» тарихи ластануын жою басталды. Аяқтау 2023 жылға жоспарланған. Бұдан басқа, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобы 2024 жылға дейін 2,5 млн.тонна мұнай қалдықтарын жою және кәдеге жарату жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр. Қазірдің өзінде 437 мың тонна жойылды.

Бұдан басқа, Министрліктің 2021 жылға арналған стратегиялық жоспарында ластаушы заттар шығарындылары мен төгінділерінің нормативтік көлемі бойынша нысаналы индикатор көзделген, ол жылдар бойынша төмендетіледі.

Эмиссиялардың нормативтік көлемдерінің серпінін талдау қоршаған ортаға эмиссиялар көлемінің соңғы үш жылда ауытқып, асып кетпейтінін және төмендеу үрдісіне ие екенін көрсетеді, бұл көбінесе экономика салалары дамуының оң серпініне, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың қуаттарының ұлғаюына және жаңа кәсіпорындардың пайдалануға берілуіне байланысты.

Жаңа кодексті іске асыру шеңберінде 40-тан астам НҚА әзірленді, олар қазіргі уақытта келісу және тіркеу сатысында.

Мұнай секторы мен тау-кен металлургия кешенінің ірі кәсіпорындарымен кеңестер өткізіліп, төмендету стратегиясын әзірлей отырып, эмиссияларды 20% - ға төмендету бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді.

«Жасыл Қазақстан» жобасын іске асыру шеңберіндегі іс-шараларды қаржыландыру сомасын ескере отырып, шығарындылар көлемі қысқартуға жататын 17 компанияның тізбесі айқындалды.

Бұдан басқа, барлығы 1 мың гектардан астам аумаққа 450 мың ағаш отырғызылды.

Сонымен қатар, департаменттерге қатысты сынның үлесі де болды.

Мәселен, жартыжылдық жұмыс нәтижелері кейбір департаменттердің тексерулер ашу туралы мәселе Комитетке егжей-тегжейлі зерделеусіз жіберілетінін көрсетті, бұдан басқа, Батыс Қазақстан, Алматы, Түркістан облыстары және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша экология департаменттерінде әлеуметтік желілердегі белсенділік төмендеді, жұртшылықпен және БАҚ-пен жұмыс көрсеткіштері алдыңғыдан айтарлықтай төмен болды, әлеуметтік желілердегі жағдайларды оқшаулау бойынша уақтылы ден қою және шаралар қабылдау бйынша жұмыстар атқарылмаған.

«Халыққа құлақ асатын мемлекет» принципінің сақталуы қамтамасыз етілуге тиіс, сондықтан экологияға қатысты өтініштер мен медиа кеңістікте көтерілетін мәселелер және олар бойынша уақтылы шаралар қабылдау Комитеттің басым міндеті болып табылады.

Кеңес соңында комитет төрағасы Зұлфұхар Жолдасов департаменттердің қызметін одан әрі жақсарту бойынша келесі есепті кезеңге бірқатар тапсырмалар берді, олардың орындалу нәтижелері бойынша департаменттердің жұмысына тиісті баға берілетін болады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить