Токио-2020: Мейрамбек Айнағұлов қырғыз балуанына есе жіберді

1057

Токио Олимпиадасында грек-рим күресінен Мейрамбек Айнағұлов алғашқы кездесуде қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшы 60 келіде қырғызстандық Жоламан Шаршенбековпен шеберлік байқасты. Қарсыласы да осал емес. 2018 жылы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанған. Ал Мейрамбек 2017 және 2019 жылдарда әлем чемпионатында екі медаль алып қайтқан болатын.

Бүгінгі белдесуде қырғыз балуаны мықтылығын танытты. Ол Мейрамбектен 8:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде ширек финалға жолдама алды.

Айта кетейік, Олимпиадада енді грек-рим күресінен Демеу Жадыраев (77 келі) пен Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) ел намысын қорғайды.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить