Түркістан облысында вакцина алғандар саны жарты миллионнан асты

1836

Түркістан облысында 518 100 адам COVID-19 індетіне қарсы вакцина салдырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соңғы тәулікте 11 070 адам екпе қабылдаған. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация) 363 100 адам вакцина салдырды.

Түркістан облысының 2088 тұрғыны отандық QazVac-ты ектірген.

Бүгінде облыс тұрғындары Спутник-V, QazVac, Hayat Vax және қытайлық CoronaVac вакциналарын қабылдай алады.

Соңғы тәулікте Түркістан облысында 77 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім - 1,02%. Облыста 846 038 ПТР сынама алынған.

Ал, соңғы тәулікте зертханаларда 1504 адам тексерілді.

Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 1200 орын бар, оның 570-і бос.

Жалпы, пандемия басталғалы Covid-19 инфекциясы расталған 7554 жағдай тіркелді.

Оның 4773-де ауру симптомсыз өткен болатын.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить