Қазақстандық әзілкеш Ресей аудиториясын қалай баурап алды

10724

Нұрлан Сабыров ТНТ арнасындағы Stand Up шоу бағдарламасының тұрақты қатысушысы болып табылады. 25 жастағы жерлесіміз бұдан бөлек ТМД елдерінің үлкен сахналарында өнер көрсетіп келеді, ал жуырда коммедия актеры ретінде бағын сынауға кірісті

Нұрлан Сабыров
Нұрлан Сабыров

Нұрлан Сабыров Ақмола облысында, қазіргі кезде ата-анасы мен балалық шақтағы достары мекен етіп келе жатқан Степногорск кентінде дүниеге келді. 18 жасында Екатеринбург қаласына қоныс аударып, Орал Федералдық университетінің  металл кесуші станоктар мен құралдар кафедрасына (бюджетік оқудың мүмкіндігіне байланысты) оқуға түсті. Алайда, араға уақыт салып мүлде басқа салаға- «жастар  жұмысын ұйымдастыру» мамандығына ауысты. Шынымды айтсам,  мен жоғарғы оқу орнын әлі тәмәмдаған жоқпын. Сондықтан интернеттегі маған қатысты ақпарат, осы немесе басқа дипломға байланысты деректер жалған-дейді Нұрлан. –Шынтуайтында,  менің оқуға ниетім болған жоқ. Менде түрлі  пәндер бойынша млрдтаған қарыз болды, нәтижесінде менімен қош айтысты. Олар мені тастап кеткен жоқ, керісінше мен оларды тастап кеттім деу керек шығар. 

Нұрлан мектеп қабырғасында жүріп КВН ойнауды бастады және тапқырлар клубындағы белсенділігін университетте жалғастырды. Бірақ, оның пікірінше бұл ойын оған пайда әкелмеген, керісінше құр босқа уақыты мен қуатын және қаржысын ысырап еткен. Ал стендап жанрындағы өнерін (әзілкештің жалғыз шығуы) алғаш 2012 жылы, студенттік шаралардың бірінде көрсеткен. 2013 жылдан бері достарымен, өздері ұйымдастырған стендап-кештерден көріне бастады.  О баста барларды жағалады. Оларға тек таныстар арасында ғана емес, сырттан қызығушылық туындап, бертінде біртіндеп үлкен алаңдарды жалға алуға мүмкіндік туды.  Билеттер 300-400 рубльден сатылған. Концерттерге шамамен кемінде 200 адам келетін, ал одан түскен ақша жалға алуға, әкімшілікке, әзілкештердің еңбегіне, фотографқа  жетіп артылды.        

-Біз, ілгерлеу мәселесін қолға алуды бастадық. Билеттер мен афишаның дизайнын  өзгерттік. Кештер аясында ерекше атмосфера қалыптасты, бұл бізге де, көрермендерге де  ұнайтын. Өзгеше бір толқын  пайда болды-дейді Нұрлан.   

Бірде үлкен есеп беру концертіне белгілі комик Дмитрий Романов шақырылады, ал ол өз кезегінде Сабыровқа  қойылым көріністерін Мәскеуге, Stand Up шоу бағдарламасына жіберу туралы кеңес береді. Нұрлан ол жақтан жауап келгенше, «Comedy Баттл» жобасының кастингіне қатысып, бағын сынап қайтады.

-Маған онда қызықты сәттер болды,бірақ жалпы әлсіздеу деген пікір айтты. Бірақ, ойланамыз деді. Мен екі арада қалып, екі жақтан ұзақ уақыт бойы хабар күтумен болдым. Нәтижесінде Stand Up шоудан хабарласты. Кейін олар әуе жолына кететін шығынды, бір апталық баспана ақысын және тіпті көп болмаса да тәуліктік қаражатты өз мойындарына алатынын естігенімде, маған деген қызығушылықтың пайда болғанын түсіндім-деп еске алады Нұрлан. 

Нұрлан бірнеше рет «Открытий микрофон» айдарында өнер көрсетті, ал кейін шоудың тұрақты қатысушысы атанып, отбасымен Мәскеуге қоныс аударды. Оның ойынша көрермендер үшін өзгелердің жеке басында болған оқиғалар қызықты. Шоудың әйгілі болуына осы жағдай бірден- бір себеп. Өйткені, әзілкеш  жеке басындағы проблемаларды юмор арқылы жеткізеді. Бастысы әрбір минут сайын әзілдеу емес, оқиғаны қызықты түрде айтып беруде.

- Бұл жерде еркіндік көп. Мәселен, КВН ойынын алатын болсақ онда цензура бар. Қатысушы командалар шынайы оқиғаны тақырып етіп алғанның өзінде, оны ашық әрі өткір етіп көрсетпейді. Бізде тиым салынған тақырып жоқ қой, бастысы мәтіннің мәнінен ауытқып,әдепсіз сөздер, жағымсыз мәселелер  айтылмауы керек-дейд Сабыров.    

Оның ойынша, стендапшылар үшін КВН-шылардан қарағанда, экранға шығу оңай, бірақ бұның өзі жетістіктің жалғыз көрсеткіші емес. Мәселен, Мәскеуде әйгілі комиктер баршылық, бірақ олар телеарналарға шыға бермейді. 

Нұрлан мен Stand Up қатысушылары апта сайын жаңа бағдарламаларды түсіреді,  сондықтан үнемі жаңа метариалдармен жұмыс істеуге тура келеді. Әзіл- негізінен барларда сынақтан өтеді, мәселен солардың бірі жуырда ғана ашылған  Stand Up Store Moscow. Оның ойынша, егер әр күн сайын өнер көрсетіп, 50 адамнан асатын аудиторияны қамтысаң, онда міндетті түрде даму, жақсару, жаңару басталады.

Бірақ, әрине, кейде кез келген басқа  жұмыс сияқты шаршайсың. Кейде  күндер болады, басың вакуум іспеттес күйге түседі-дейді кейіпкер.

Нұрлан қазан айында алғаш «Брат және брак» атты қазақстандық коммедияға түскен еді. Онда актер жаңадан тұрмыс құрған бойжеткеннің бауыры, сенімді ақтауға тырысқан жаңа күйе баланың қайын ағасы болып ойнайды. Киноға түсу туралы ұсыныстар бұған дейін де жасалған, бірақ олар оның көңілінен шықпапты.

-Ресейде маған қытайлықты, жапондықты немесе якутты ойнау туралы ұсыныс түсетін. Мен, бұл ұсыныс  батысқа қарай жылжығанша күтемін. Егер испандықтың рөлін ұсынса келісемін- деп күледі әзілкеш. -Ал бұл жерде идея жақсы болды. Біз Әлішер Утев (сценарий авторы) екеуміз бір-бірімізді жақсы түсінеміз,себебі ол квншы.    

Нұрлан жарнамалық келісім- шарттардан әзірге бас тартуда. Себебі белгілі: «Бірде бананның костюмінде шығуды ұсынады,кейде гонорар есебінде жемістің кескінінбереді».

Дегенмен әртіс корпоративтік кештерге шығуға қарсы емес.

-Қонақтар негізі  кешті ұйымдастырушыға келеді. Сен онда екінші дәрежелі емес,тіпті шамамен алтыншы орындағы кейіпкерсің. Мәселен, стендапты қарап отырған көрермен, екі ауыз сөзді жіберіп алса, бүкіл әзілдің мазмұнын жоғалтады. Оны түсініп, тыңдайтын адамдар бар, бірақ көбі олай емес. Сондықтан маған көбінде  адамдар арнайы әзіл үшін келетін концерттерде өнер көрсеткен ұнайды-деп түсіндіреді Нұрлан.

Міне, Stand Up шоудың командасы осымен үшінші рет Мәскеудің «Крокус-Сити-холл» концерт залында, ал Санкт-Петерборда «Сибур Арена» кешенінде өнер көрсетіп келеді. Екі алаң да шамамен 7 000 адамға арналған. Бұндай ауқыммен стендап, тіпті спорт  сияқты болып кетеді: яғни, үлкен аудиторияның алдындағы жауапкершілік артып, барынша күш салуға тура келеді. Әзілкеш ақпан айында, Қазақстан мен Ресейден кейінгі турдан соң,  Астанада жеке концерт беруді көздеп отыр. Үлкен қойылым  ТНТ арнасынан көрсетіледі.  

Болашақта тікелей көрсетілімдерде  өнер көрсетуді пысықтап жүрмін.  Егер, мүмкін болып жатса Еуропаға гастрольдік сапарға барып қайту жоспарда бар. 

-Әлемде орыс тілділер көп, сондықтан басқа елдерде  өнер көрсетуге толық мүмкіндік  бар. Әрине, әзілкеш үшін  жарқын болашаққа жол ашатын мүмкіндіктердің бірі-ағылшын тілінде шығу. Оның үстіне маған американдық юмор өте жақын. Біақ, мен әлі өзімді сынап көрмедім-дейді Нұрлан.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
ЧТО НЕ ТАК С СУДОМ НАД БИШИМБАЕВЫМ Смотреть на Youtube