Қазақстанның лизингтік нарығы: ауыл шаруашылығындағы бизнестің дамуы

12250

Қазақстанда лизингтік қызметтер саласына мемлекеттік қолдау қарқын ала бастады. Елімізде лизингтің қалыптасу тарихын шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Біріншісі - кәсіпкерлік пен жеке меншік институтының қалыптасуы. Екінші кезең лизингті іс жүзінде қолдану. Үшінші соңғы кезең 1999 жылғы ҚР Азаматтық кодексі (Ерекше бөлім), 2000 жылғы "қаржы лизингі туралы" ҚР Заңы, 2001 жылғы "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР Кодексі сияқты негізгі нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға негізделген

Фото: архив пресс-службы

Жалпы лизинг кәсіпорындардың жалға берушілер есебінен жұмысты жүзеге асыру үшін негізгі құралдарды сатып алуы мен жаңартуына бағытталған.

Бір қарағанда, лизинг несиеге ұқсауы мүмкін. Бірақ, қаржылық қызметінің арқасында  ол банк несиесінен ерекшелене түседі.

Клиент несие алар кезде банктен қарызалу үшін, несиенің өз көлемін жабуға жететін өзінің жеке мүлкін салады. Ал, Лизингте кепіл қаржы тікелей лизингпен алған техника немесе жабдықтардың өзі болады.  Лизинг алушылардың артықшылығы сол лизинг үшін қаражат төлей отырып, клиент осылайша өз кепілдігін сатып алады.

Сонымен қатар, лизинг беруші клиентке қаражат бөле отырып, лизинг қаражатына қажетті барлық жабдықтарды сатып алуға болатын жеткізушілерді таңдау құқығын да ұсынады. Сөйтіп, лизинг алушы  өзіне әріптес іздеп әуре сарсаңға түспейді.

Лизинг беруші, өз кезегінде, сенімді  жеткізушілерді қалыптастыра отырып,  жедел қимылдауға мүмкіндік алады. Осылайша, лизингтік компаниялардың статистикасы бойынша, олардың тұтынушыларының шамамен 40% бірнеше рет жұмыс істеген жеткізушілерінен қалыптасады.  Ал, 20%  сақтандыру компанияларынан және басқа серіктестерден, 20%  қайта сатуға келеді және тек соңғы 20%  тұтынушыларды өзіне нақты тарту үшін лизингтік компанияларға жүгінеді.

Қазақстандық лизинг нарығында 10-ға жуық компания жұмыс істейді. Алайда сұраныстардың жартысынан көбін "ҚазАгроҚаржы"АҚ қанағаттандырады.

Агроөнеркәсіптік кешенді жетілдіру - ел экономикасын дамытудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан, компания лизинг нарығында мызғымас орынға ие. Нарықтың қалған бөлігін негізінен екінші деңліі банктердің еншілес компаниялары өзара бөліседі.

Агроөнеркәсіп кешені субъектілері үшін де ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын жаңғыртуда «ҚазАгроҚаржы» ең үздік серіктес болып болып табылады. Ол еліміздің АӨК субъектілерін несиелендірумен де айналысады. Компанияның филиалдары Қазақстанның барлық аймақтарында жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта компания жалпы сомасы 53 млрд. теңгеден астам қаржы лизингі шартын жасасты. Қаржыландырылатын техниканың қатарына қазақстандық және шетелдік өндірушілердің тракторлары, егіс оратын кешен, мал таситын және басқа да техникасы кірді.

Көптеген сарапшылар, нарықтағы лизингтік компаниялар үлесін салыстыруға келмейтіндігін айтады. Өйткені олардың барлығы әр түрлі сегменттерде қызмет етеді. Қазақстан кейбір елдерден республикадағы лизингтің дамуы бойынша артта қалғанына қарамастан, отандық экономиканың өсу қарқынына серпін бере бастады.  Достастық елдерінен келген мамандардың пайымынша, бұл мақсатта  елімізде ТМД-да неғұрлым қолайлы заңнамалық орта құрылған.

Қазақстанда лизингтік қызметтерді дамытуда салық жеңілдіктері бар. Бұл тұрғыда  мемлекет тарапынан қолдау бар.

Сарапшылардың айтуынша, салықтық жеңілдіктер елдің лизингтік саласының бәсекелестікке жол ашады. Сонымен қатар, осы саладағы бірқатар импортталатын тауарларды қосымша құн салығынан (ҚҚС), мүмкіндігі жеделдетілген амортизация, сондай-ақ корпоративтік табыс салығы мен ҚҚС-лизинг берушіге сыйақы салығынан босатылады.Бұл пайыздық мөлшерлемені төмендетуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде лизинг өнімі несиеге қарағанда арзан болады.

Қазіргі таңда,  лизинг Қазақстанда неғұрлым сұранысқа ие қаржы құралы болып отыр.  Жаңа дами бастаған шағын және орта бизнес өкілдері, кәсіпкерлер лизингтік несиені құп көреді. Өндірістің өсуімен және негізгі құралдарды жаңарту қажеттілігімен оған қажеттілік тек артты. Ал қызметтің өзі одан әрі қарқын алады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить