Фидбэк – бизнесті жаңарту құралы

36676
Автор: Алмас Кебекбаев
top.kz онлайн сервисінің директоры

2020 жылы желілік қызметтер нарығындағы жағдай (клининг, электр және сантехникалық қызметтер) W-типті модель түрінде көрініс берді: мұнда жыл соңына дейін сұраныс әлі де төмендей бермек

2020  жылы сәуір мен мамырдағы локдаундар барысында кейінге қалған сұраныс маусым мен шілдеде күрт өскені байқалды. Өйткені біздің клиенттер дереу жұмысқа кірісіп, кеңселерін қалыпқа келтіруді көздеді. Біразы жазғы маусымда қашықтан жұмыс істеу кейінге қалады деп пайымдады, алайда, кезекті карантин бұл жоспарға тағы да түзету енгізіп, кеңсе қызметкерлерін жыл соңына дейін қашықтан жұмыс істеуге мәжбүр етті.

Біздің болжамдарымызша, желілік қызметтер нарығының корпоративтік сегменті 30%-ға дейін қысқарды, соның салдарында мұндағы шағын ойыншылар нарықтан кетіп, желі ішінде тек ірі ойыншылар қалды. Резервтік қаражат жинап үлгерген ірі ойыншылар клиенттер тарапынан төлемдердің кешеуілдеуіне және қызмет шығындарының артуына дайын болды. Жалпы, пандемия аясында желілік қызмет ойыншылары бетпе-бет келген басты қиындықтарды төмендегідей етіп үшке бөлуге болады:

1. Локдаундар салдарында желілік қызмет персоналы қала ішіндегі жұмыс орындарына жете алмай қалды. Нәтижесінде – компаниялар қызметкерлерін қаладағы хостелдер мен пәтерлерге орналастыруға не қала ішінен персонал жалдауға мәжбүр болды. Бұл шаралар – көрсетілетін қызметтердің өзіндік құнын едәуір көтеріп жіберді.

2. Жыл басында клиенттерге қызмет бағасын ұсынған ойыншылар, бюджетке бетпедре, антисептиктер сынды жеке қорғаныс құралдарының шығынын есепке алған жоқ. Ал карантин кезінде бұл заттардың бағасы 10 есе қымбаттап кетті. Соған сәйкес жұмыс бабында қолданылатын материалдар құны да
2 есе қымбаттап, шығындар күрт өсті.

3. Оның сыртында, біздің клиенттер төлем мерзімін 30 күннен 120 күнге дейінгі аралықта кейінге қалдырып, қызмет көрсетуде жеңілдіктер беруді өтіне бастады. Бірқатары бастапқы келісімдерден мүлдем бас тартты.

Ашығын айтсақ, биыл желілік қызмет нарығындағы ойыншылардың басты мақсаты – бизнесін сақтап қалу және ковидке дейінгі көрсеткіштерден төмен шықпау дегенге келеді. Бірақ дағдарысты ойдағыдай еңсеріп, нарық ішіндегі жаңа талаптарға бейімделе алған ойыншылар да жоқ емес.

1. Карантин кезінде зарарсыздандыру қызметтеріне деген сұраныс артты. Бұл тұрғыда тіпті маркетингке инвестиция салудың да қажеті болған жоқ. Бірқатар ойыншылар нарықтың осы талабына дұрыс икемделе алды.

2. Кей ойыншылар нарық ішінде зарарсыздандыру туннельдері не арнайы дезинфекциялық кілемшелер сынды жаңа тауар және қызмет желілерін ұсына бастады.

3. Ойыншылардың бірқатары өнеркәсіп және фармакология салаларына қарай ығысып, клиенттер портфелін диверсификациялауға кірісті. Көбісі ритейл, ойын-сауық орталықтары, білім ошақтары сынды аумақ алаңдары кең нысандарға қызмет көрсетуді мүдде тұтты, бірақ бұл салалар кейін өз қызметтерін тоқтатуға мәжбүр болды.

4. Сондай-ақ, арнайы құралдар мен кәсіби химия өнімдерін 400 теңгеден төмен бағаммен (шығыс материалдарының бірқатары доллар және еуромен алынады) сатып алуға наурыздың соңында ақшалай қоры болған ойыншылар дағдарыс кезінде ұтылған жоқ.

Біздің соңғы болжамдарымыз бойынша, желілік қызметке деген сұраныстың төмендеуі 2021 жылдың екінші тоқсанына дейін жалғаспақ. Ковидке дейінгі көрсеткіштерге шамамен 2022 жылдың бірінші тоқсанына қарай жетуіміз ықтимал. Оған дейін біздің сегменттегі бизнес карантин талаптарына сай жұмыс істеуді үйренгені дұрыс: клиенттермен 24/7 режимінде байланыста болып, олардың кірістері, қажеттіліктері, даму жоспарлары туралы біліп отыру керек. Мұндай фидбэк бізге бизнесті жаңа кезеңге бейімдеп, нарық ішіндегі үстемдікті жоғалтпауға мүмкіндік береді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить