Есі кеткен бұл әлемде бизнес жасау оңай ма?

Автор: Бауыржан Рүстемов
Relog негізін қалаушы және бас директоры

Пандемия ел экономикасының барлық салаларына ауыр соққы болып тиді

Техникалық тұрғыдан алып қарағанда, бұл жай ғана пандемия емес, бұл – мұнай бағасының төмен құлдырауы мен теңгенің құнсыздануына алып келген нағыз экономикалық дағдарыс.

Осы кезеңде логистика нарығында, өнім, тауар жеткізу нарығында қандай өзгерістер жүріп жатты? Транспорт логистикасын оңтайландыруға негізделген компания басшысы ретінде, мен өз клиенттерімізді мұқият қадағалап отырдым. Құрғақ сөзге жол бермес үшін, күнделікті жұмыс барысында көріп жүргенімді талдай отырып, мысал етуге тырысайын. Сонымен, қолдағы мәліметтерге жүгінсем, біздегі цифрлар төмендегідей:

  1. Фармацевтика дистрибьюциясындағы көрсеткіштер биыл наурызда ойламаған жерден жоғары ытқып, артынша сәуір мен мамырда (карантин кезі) 15%-ға төмен түсті. Бірақ маусым айында орташа есеппен алғанда, 25%-ға қайта өсті. Бұл өнім өндірушілер тауарына қол жеткізуге қатысты туындаған проблемалардан кейін орын алса керек.
  2. Азық-түлікке жатпайтын тауарларды жеткізу және үлестіру жағдайы бұдан да қиын. Әр саланың көрсеткіші әртүрлі, мысалға, кеңсе тауарларына деген сұраныс наурыз, сәуір және мамыр айларында екі есе төмен болды. Сол сияқты, сәуірде жихаз жеткізу не көлікке қажет бөлшек, сайман жеткізу сегментіндегі көрсеткіштер нөлге түсіп кетті. Бұл бағыттарды қалыпқа келтіру оңай соғып жатқан жоқ, бұрынғы ауқымдармен салыстырсақ, әзірше 50%-дан 80%-ға дейінгі деңгейдеміз.
  3. Есесіне электроника өнімдерін жеткізуге сұраныс, биылғы жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда  2–3 есе артты. Бірақ бұл арада ретейледер де шығынға батып жатыр, өйткені карантин кезінде олардағы негізгі сегменттер мүлдем тоқтап қалды.
  4. Әрине, азық-түлік жеткізу көрсеткіштері қаулап жоғары өсті, әсіресе, үйге жеткізіп беру тұрғысында 50–70%-ға дейін.
  5. Бұдан өзге де саларға зер салсақ, мысалға, сыртқы туризм, HORECA, event-бизнес, ком-мерцияға негізделген жылжымайтын мүлік сынды нарықтар мүлдем әлсіреп, тұралап қалды.

Қарап отырсақ, пандемия аясында бүкіл әлем есінен айырылғандай, мең-зең күйде қалды. Еңбек нарығында жаппай қысқартулардан бастап, еңбекақысыз демалысқа шығару кең тараған. Төлем жасау қабілеті кімде болса да төмен. Тауар жеткізушілерден жеңілдік сұраушылар, төлемдерді кейінге қалдыруды сұрайтындар өте көп. Банктер кредит төлемдерін талап ете алмай отыр, инвесторлар жаңа жобаларға ақша салуды тоқтатты. Көптеген компаниялар жабылып жатыр, кейбіреуі өз қызметін уақытша тоқтатуға мәжбүр.

Осы кезеңде онлайн өнімдер мен жеткізу сервисіне деген сұраныс арта түсті (біздің қызметіміз дәл осы екі салаға тікелей қатысты). Мысалға, жоғарыда айтып өткенімдей, пандемия кезінде азық-түлік және электроника тауарларын жеткізіп беру көрсеткіштері жоғары өсті. Сол себепті ретейл нарығы да онлайн қызметін жандандыра бастады, мәселен, карантин кезінде Magnum желісі өз жеткізу сервисін ашып үлгерді. Ал оған дейін асыға қоймаған.

Әйтсе де пандемия дүрбелеңіне дес берген жарты жылдағы жағдайымызға көз тіксек, бұл тұрғыда жіберілген қателіктер де, жинақталған тәжірибе де құнды деуге тұрарлық. Бизнес тәуекелі мен бизнес шығыны туралы қайғыға беріліп, улап-шулай бергенше, енді осы алты айдағы тірлігімізден сабақ алуды ойластыру керек. Олай болса:

  1. Ұзақ және орта мерзімге жоспар жасауды ұмытқан жөн. Қазір бизнес біртіндеп қалыпқа келуде, бірақ алда әлі пандемияның екінші, тіпті үшінші толқыны болады деген ескертулер жиілеп кетті. Мұндай жағдайда ұзаққа негізделген жоспар өзекті емес: әрі кетсе бір тоқсанды қамтуға болады. Біздің компания-да тоқсандық мақсаттарды жоспарлау практикасы бар. Сондықтан да біз пандемия кезіндегі жаңа жағдайға шұғыл бейімделіп, тиімді жұмыс істей алдық.
  2. Онлайн, қашықтан жұмыс істеу – айтарлықтай тиімді, бірақ тығырықтан шығар жол деуге келмейді. Қашықтан отырып, екі-үш ай жұмыс істеуге болады, бірақ өнімділік көрсеткіші бәрібір төмен құлдырайды, өйткені біз бәріміз де әлеуметтік болмысқа негізделген адам баласымыз. Маңайда жан болмаса, командалық сезімнен мүлдем арылу қаупі басым. Мысалға, белсенді сауда саласындағы онлайн жұмыс сауда конверсиясын төмендетіп жібереді: сатып алушымен арада тікелей байланыс болмаған соң, сатушының вербалды емес, яғни сөзден өзге саудаласу икемдері мұқала береді.
  3. Адамгершілік, өзара көмек – адам баласы үшін бұл өте маңызды сезім тетіктері. Пандемия басталған тұста сарапшылардың бәрі де уайым-қайғыны үйіп-төгіп болжағаны есімізде. Меніңше, олардың пессимистік сарындағы бұл пайымдары жүзеге асқан жоқ. Өйткені «көппен көрген ұлы той» аясында жұрт бір-біріне көмек қолын созып, сүйеу болуға әрқашан дайын тұрады. Мысалға, біздің серіктестеріміз бен жеткізушілеріміз түгелдей айтқанымызды жерге тастамай, қолдау көрсетіп жатты. Өйткені бизнес, ең алдымен, адамға арналған, ал адамның күні қашанда адаммен.
: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
13300 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Загрузка...
28 января родились
Маулен Ашимбаев
председатель сената парламента Республики Казахстан
Кайрат Келимбетов
председатель Агентства по стратегическому планированию и реформам РК, управляющий МФЦ «Астана»
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить