Ұлағатты сөз: алаш өсиеті

   

Әлихан Бөкейханов
Әлихан Бөкейханов
Фото: баспасөз қызметтері архивінен

Байлық түбі – ақыл һәм қол ұсталығы. Осы екеуі қосылмай, адам баласы қазынаға жарымайды.
Әлихан Бөкейханов

Өнерге ұмтыл, өнерді біл, замандас…
Ілияс Жансүгіров

Өзінің тарихын жоғалтқан жұрт, өзінің тарихын ұмытқан ел – қайда жүріп, қайда тұрғандығын, не істеп не қойғандығын білмейді, келешекте басына қандай күн туашығына көзі жетпейді… Бір халық өзінің тарихын білмесе, бір ел өзінің тарихын жоғалтса, оның артынша өзі де жоғалуға ыңғайлы болып тұрады.
Міржақып Дулатов

Мағжан Жұмабаев
Мағжан Жұмабаев
Фото: Баспасөз қызметтері архивінен

Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм өз жанымызға үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев

«Оқығандар! Бұл уақыт жан тыныштық іздейтін, қызық қуатын уақыт емес, қызмет қылатын, еңбек сіңіретін уақыт. Ойлаңыздар: халық біз үшін емес, біз халық үшін туғамыз, олай болса, мойынымызда халықтың зор борышы, ауыр жүгі жатыр».
Жүсіпбек Аймауытов

Мәдениетіміздің негізі – білім. Білімге тіл арқылы жетіледі. Білімді жұрттардың тілі бай болады.
Халел Досмұхамедов

Ахмет Байтұрсынұлы
Ахмет Байтұрсынұлы
Фото: баспасөз қызметтері архивінен

Әліп-би деген – тілдің негізгі дыбыстарына арналған таңбалардың жұмағы. Неғұрлым тіл дыбыстарына мол жетсе, арнаған дыбысқа дәл келсе, оқуға, жазуға жеңіл болса, үйретуге оңай болса, заманындағы өнер құралдарына орнатуға қолайлы болса, соғұрлым әліп-би жақсы болмақшы.
Ахмет Байтұрсынұлы

Бір халықтың өз тілінде білім өнері болмаса, ол халықтың тілі бұзылып өзгереді һәм көршілес күшті халықтың тілімен әсірелеп… соған қол болады.
Ғұмар Қараш

Оқу – білім бұлағы. Оқыса елдің ұланы – тірілтіп, елге жан бітіп, елі үшін жұмақ қылады.
Бейімбет Майлин

Әр істің бір сәні бар. Әр қимылдың өзінше ырғағы бар, әні бар…
Сәкен Сейфуллин

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте