Саясат Нұрбек: Ғылым мен бизнестің синергиясы - жетістіктің маңызды факторы

122862

Ғылым мен бизнес арасындағы ынтымақтастық кез-келген ел-дің қарыштап дамуының негізгі кепілі екені белгілі

Саясат Нұрбек
Саясат Нұрбек
ФОТО: личный архив

Ғалымдар мен кәсіпкерлер бірлесе жұмыс істегенде ғана инновациялық шешімдерге қол жеткізуге болады. Сайып келгенде, екі саланың өзара тиімді серіктестігі бүкіл мемлекеттің экономикасына оң әсер етеді.

Өкінішке орай, отандық бизнес қазақ-стандық ғылымды әлі де серіктес ретінде қабылдамайды. Мемлекет басшысы Қасым-­Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысында дәл осы мәселеге ерекше назар аударылды.

«Елімізде заманауи ғылымды қажет ететін өндірістер өте аз. Осылайша, отандық кәсіпорындардың 65%-ы үшінші технологиялық құрылымға жатады — бұл шикізат секторы мен металлургия. 34% — төртінші құрылымға қатысты машина жасау және мұнай химиясы. Тек 1%-ы бесінші құрылымға сәйкес келетін микроэлектроника, роботтехника. Бізде нано және биотехнологияларға басымдық беретін алтыншы технологиялық дәрежедегі кәсіпорындар жоқ», — деді президент.

Серіктестік әрқашан өзара тиімді болуы керек. Мемлекет әлеуметтік-­экономикалық мәселелерді шешуге және ел экономикасын дамытуға ұмтылып, ғылымнан осы мақсаттарға жетудің қуатты құралын табады. Ал бизнес не алады?

Ғылыми әзірлемелерге инвестиция салатын бизнес, ең алдымен, оның өндірісіне пайда әкеледі. Жаңа технологияларды енгізу әрқашан бизнесті кеңейтуге және оның нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға көмектеседі. Ғылымға салынған әрбір теңге ұзақ мерзімді пер-спективада әлдеқайда көп пайда әкеліп, бизнестің жаңа мүмкіндіктерінің көзіне айналуы мүмкін.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бұл мәселені Үкімет мықтап қолға алды. Былтыр қаржыландыру екі есе өсті. Осы жылдан бастап үш жарым есеге артты. Яғни 2023, 2024, 2025 жылдарға 650 млрд теңге көзделген.

Жақында қабылданған Ғылым мен жоғары білімді дамытудың 2029 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасының арқасында Қазақстандағы ғылым мен бизнестің ынтымақтастығы бұрынғыдан да тартымды бола түскенін айта кеткен жөн.

Осы Тұжырымдама шеңберінде ғылымның жаңа моделіне көшу көзделген. Мұнда салықтық жеңілдіктер мен инвестициялық преференциялар сияқты түрлі құралдар арқылы ғылыми зерттеулерді ынталандыруға баса назар аударылады. Кәсіпорындар Сингапур, Оңтүстік Корея және Қытай сияқты елдерде қазірдің өзінде жасалып жатқандай, бизнес субъектілері үшін және зерттеу орталықтарын дамыту үшін 150%-ға дейін «супер шегерімдерге» сене алады.

Кәсіпорынның өндірістік процестеріне жаңа технологиялар мен инновацияларды енгізу оның тиімділігін арттырып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, экономиканың дамуына және халықтың өмір сүру деңгейінің артуына ықпал етеді. Осы тұрғыда Ұлттық кеңес отырысында атап көрсетілген ғылым және технологиялық даму саласындағы мемлекеттік саясаттың жаңа бағыттары Қазақстанның одан әрі өркендеуі үшін стратегиялық маңызды, даусыз және аса өзекті болып табылады.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube