Қазақстандық жас ғалым полиэтиленге эко-балама әзірлеуде

143374

Мұндай ақпаратты өзінің ресми сайтында ҚР ғылым және жоғары білім министрлігі жария етті.

ФОТО: gov.kz

Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетіндегі болашағы зор жас ғалым Нариман Қайырбеков «Табиғи полимерлер негізінде биологиялық ыдырайтын материалдарды әзірлеу» атты бірегей жоба бойынша еңбектеніп жүр. Қарапайым сөзбен айтқанда, жас ғалым полиэтилен пакеттерінің баламасын жасау арқылы қоршаған ортаны ластанудан қорғап, әлемдік мәселені шешуге ұмтылуда.

Полиэтилен пакеттері көптеген ғасырлар бойы биологиялық түрде ыдырамайтын өнімнің бірі. Бұл, әрине, қоршаған ортаның ластануына алып келетін жағдай, әсіресе, қала және ауыл көшелерінде әр жерде шашырап жататын болса.

Ал бұл мәселенің қаншалықты өзекті екендігін жақсы түсінген жас ғалым Нариман Қайырбеков, мектеп қабырғасында оқып жүріп-ақ оны шешу жолдары туралы ізденіп, ойлана бастаған. Қазір жас ғалым бұл тақырыпты толыққанды зерделеп, эксперименттік зерттеулер жүргізуге ден қоюда.

«Мен крахмал немесе целлюлозадан биоматериал жасауға тырысамын. Оларды қолданғаннан кейін суда ерітіп, ыдырату жеткілікті. Қазір материалдың икемділігімен жұмыс істеп бастадым. Менің арманым – отандық өндірісте биологиялық жолмен ыдырайтын өнім жасап шығару», - дейді жас ғалым Нариман Қайырбеков.

Бүгінгі таңда Amanzholov University ғалымы ҚР ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне гранттық қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінім берген. Мемлекеттен қаржылық қолдау алған жағдайда, жас ғалым өз жобасын толықанды жүзеге асыруды қолға алатыны анық.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube