Сатып алу, сату, сақтап тұра тұру

1363

Аарон
Пископо

Винтаж гитаралар және музыкалық аспаптар бөлімінің директоры, Heritage Auctions, Даллас

Джефф
Сабатини

Sports Car Market-тің бас редакторы, Портленд

Джон
Риардон

Collectability негізін қалаушылардың бірі, Christie’s сағат бөлімінің бұрынғы басшысы, Нью-Йорк

Сатып алу
Gibson Les Paul Custom 1959 электр гитарасы
Жас коллекционерлер Jaguar және Mustang деп аталатын алты ішекті гитараларды аңдумен жүреді, сондықтан жақын арада $45 000 сатылған Джимми Пейдж стиліндегі Gibson Les Paul Custom 1959 сияқты классиканы табу бақытына ие болып жатсаңыз, аянып қалмаңыз. Мұндай экземплярлардың өзіндік құны өсімінің әлеуеті зор.
Сатып алу
Chevrolet Corvette 427 1966–1967
Бұл үлкейтілген V8 қозғалтқышы бар көліктер біраз уақыт бойы бебибумерлер буынының фавориті болды. Таза қуат ешқашан сәннен шыққан емес, шықпайды да, бірақ бағасы, шыны керек, қатты төмендеп кетті. Жұмыс істеп тұрған жақсы сақталған үлгілері $100 000 сатылып жатыр – көптен бері ойлап жүрген болсаңыз, гаражыңызды толтырудың тамаша сәті
дер едік. 
Сатып алу
Rolex Submariner COMEX Ref. 16800
Инвестициялық құрал ретінде қарастыруға болатын дайверлерге арналған кей сағаттар расымен тереңдікке сүңгуге арналып жасалған және олардың арасындағы мықты-сы – Rolex Submariner. 1979 жылдан 1988 жылға дейін шығарылған бұл сағат бағасының өсу тенденциясы бар функционалдық аппарат іздеп жүретін коллекционерлерге арналған. Бұл экземпляр жақында аукционнан $108 000 сатылды. 
Cақтап тұра тұру
Gibson Lloyd Loar L5 Sunburst 1924 акустикалық гитарасы
«Арктоп» сияқты акустикалық гитараларға сұраныс біраз уақыттан бері төмендеп келеді, алайда жақында олар қайта танымал болып, бағасы қайта өседі. Мамыр айының басында Heritage Auctions Gibson Lloyd LOAR L5 1924-ті $100 000 сатты. Сол үшін гитараңызды сатуға шешім қабылдағанға дейін сақтай тұрыңыз. 
Cақтап тұра тұру
Mercedes-Benz 300SL 1957–1962
Ұзақ уақыт бойы «шағала қанаты» үлгісіндегі есігі бар танымал «бауырының» көлеңкесінде қалып қойған 300SL родстеріне кейінгі жылдары өзіне де сұраныс қалыптастыра алды. Бұл машиналардың бағасы алты таңбалы саннан $2 млн-ға дейін өсіп отыр. 1959 жылғы дәл осы экземпляр ақпан айында
$1,9 млн-ға сатылды.
Cақтап тұра тұру
Grand Seiko SLGA023 Ushio
Дайверлерге арналған сағаттарды көбіне құрлықта және күн сайын тағып жүреді. Grand Seiko ұсынған жаңа Ushio моделі
$11 600 сатылып жатыр, сондықтан сізде осы модель болса, оны әзірге өзіңізде ұзағырақ ұстай тұрыңыз. Бұл Grand Seiko Evolution 9 коллекциясындағы заманауи классика, сондықтан қажет толқын келгенше ұстап тұрған немесе тіпті кідіре
тұрған жөн.
Сату
Guild F-412 Natural 12 ішекті акустикалық гитарасы
Әртістер үлкен сахнаға алып шығып өнер көрсеткен аспаптар барған сайын танымал боп барады, сондықтан өз экземплярыңызды қолма-қол ақшаға ауыстыратын уақыт келді деуге негіз бар. Мәселен, Техас блюзінің аңыз жұлдызы Стиви Рэй Вон 1990 жылы MTV Unplugged концертінде ойнаған 12 ішекті Guild гитарасы мамыр айында $225 000 кетті.
Сату
Jaguar E-type 3.8 1961–1964
Көпшіліктің пікірінше, Jaguar E – бір уақыттары адам жасаған ең әдемі көлік. Бренд әуесқойлары бұл кабриолетті «екі орындық родстер» деп санайды, бірақ көлік төбесінен бас тарту оны купемен салыстырғанда тартымсыз етіп отыр. Автокөлік жанкүйерлері есеюде, ал бағасы $150 000 деңгейінде тоқтап тұр, сондықтан сату жағын қарастыруға болады.
Сату
Patek Philippe Aquanaut Ref. 5168G
The Aquanaut – бұл коллекционерлер ерекше бағалайтын дайверлерге арналған керемет сағат, алайда тақпай кетсеңіз, онымен қоштасатын кез келді. Мысалы, бұл экземплярдың құны қазір $49 000 құраса, екінші деңгейлі нарықтағы құны тіпті $25 000-ға артыңырақ – алайда алып сатқанда баға ажиотажы ақырындап бәсеңдей береді. 

Иллюстрация: Chris Lyons для Forbes

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить