Қазақстан нарығы: украиндық бизнес өкілдері көлік жөндеуде белсенді

Қазақстан мен Украина арасындағы тауар айналымы 2021 жылы 1 млрд АҚШ долларынан асып түсті

ФОТО: © Depositphotos/tverkhovinets

Ranking.kz наурыздың басында жария еткен зерттеулерінде осылай деп мәлім етіп, екі ел арасындағы қарым-қатынас пандемияға дейінгі жылдары мейлінше белсенді болғанын еске салады.

Ranking.kz зерттеуінше, Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы тауар айналымы соңғы 4 жылда алғаш рет өсім көрсеткішін берген: яғни, 2020 жылғы 767,9 млн АҚШ долларынан, 2021 жылғы 1 млрд долларға дейінгі шамада. Әйтсе де екі ел арасындағы тауар айналымы «корона дағдарысына дейінгі» көрсеткіштерге жете қоймаған. Салыстыру үшін айта кетсек, 2016–2019 жылдары бұл көрсеткіш 1,3–1,6 млрд АҚШ долларын құраса, 2012–2013  жылдары бұдан да жоғары болған: сәйкесінше 5,3 млрд және 4,3 млрд доллар деңгейінде.

2014 жылдан бастап Украинамен арадағы сауда құрылымының жартысынан астамын Қазақстан экспорты құраған, деп көрсетеді Ranking.kz, ал 2012–2013 жылдары – импорт ауқымы басым болған. Ranking.kz зерттеуінше, 2021 жылы Украина бағытындағы Қазақстан экспортының үлесі тауар айналымының 56%-ын құраған: 575,2 млн АҚШ доллары. Осы кезең аралығында Қазақстанға жеткен украин импортының сомасы 451,4 млн АҚШ долларына жеткен.

Былтыр Қазақстаннан Украинаға 792,6 мың тонна тас көмір, 223 мың тонна шамасында минералды және химия тыңайтқыштары, 12,7  мың тонна өңделмеген мырыш, 14,8 мың тонна феррақорытпа, т.т. экспортталған. Өз кезегінде Украинадан Қазақстанға 19 мың тонна ет, 879 тонна дәрі-дәрмек, 9,7 мың тонна қағаз және картон, 3,2 мың тонна ауыл шаруашылығына арналған құрал-жабдық, 13,8 мың тонна кондитерлік өнімдер, т.т импортталған. Яғни, бұл арада да, әдеттегідей, Қазақстан экспорты шикізаттан, ал украин импорты дайын өнімнен құралған деп тұжырымдауға болады.

Ranking.kz  зерттеуінше, ағымдағы жылдың басындағы деректерге сай, елімізде украиндық тараптың қатысуымен 796 компания жұмыс істеуде: 2021 жылмен салыстырғанда олардың қатары 11,5%-ға өскен. Қазақстандағы украиндық бизнес өкілдерінің басым бөлігі сауда саласында және автокөлік жөндеуде белсенді: 351 кәсіпорын. Әрі қарай, украиндық тараптың қатысуымен құрылған компаниялар кәсіби және ғылыми қызмет (80 кәсіпорын) пен құрылыс саласында (57 кәсіпорын) басым.

Өз зерттеулерінде Ranking.kz, сондай-ақ екі ел арасындағы тікелей инвестициялар ағыны көрсеткіштеріне де тоқталған. Тарата айтар болсақ, 2021 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында Украинадан Қазақстанға бағытталған тікелей инвестицияның жалпы ауқымы 1,7 млн АҚШ долларын құраған, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,5 есе жоғары көрсеткіш. Бірақ «корона дағдарысына дейінгі» 2019 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығындағы кезеңге шаққанда 2,5 есе төмен ауқым.

Осы арада айта кету керек, украин экономикасындағы қазақстандық инвесторлардың соңғы жылдардағы салым үлесі де елеулі. Ranking.kz өз мәліметінде, «2021 жылдың қаңтары мен қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасынан Украина бағытында кеткен тікелей инвестиция ағыны 8,1 млн АҚШ долларын құрады» деп көрсетеді. Ал 2020 жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш «бар болғаны 3,5 млн доллар болатын» делінген Ranking.kz зерттеуінде.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
58386 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить