Жасанды интеллект заңгерлік мамандықты қалай өзгертеді және заңгерлерге қалай қауіп төндіреді

Соңғы уақытта «машиналар заңгерлерді алмастырады» немесе «роботтар адамдарды заңгерлік жұмыстан ығыстырады» деген мақалалар көбейе бастады. Шыныменде ақиқатқа айналама ол уақыттың еншісінде, осы мақалада қазірдің өзінде заңның қолдану аясын өзгерте бастаған технологияларды қолдану мысалдарын қарастыруды ұсынамын

ФОТО: Depositphotos.com/AndreyPopov

Соңғы уақытқа дейін заңгерлердің басым көпшілігінде заң саласында жаңа технологияларды енгізуге күмәнмен қарайтын консерваторлар мен интроверттер бар деп саналды. Берілген мақаланы оқығаннан кейін, сол заңгерлердің кейбіреуі көзқарастарын өзгертуі мүмкін.

Өткен жылы АҚШ-тың құқықтық қауымдастығында 20 жетекші американдық корпоративті заңгерлер израильдік стартап компаниясы жасаған жасанды интеллекттен (ЖИ)  ұтылғаны туралы хабар жарияланды. ЖИ мен адвокаттар арасындағы бәсекелестік құпия ақпаратты жария етпеу туралы бес келісімді тексеруден және оларды заңдық тәуекелдер ретінде, мысалы, арбитражмен немесе келтірілген залалды өтеумен сәйкестендіруден тұрды. Нәтижесінде ЖИ сәйкес тәуекелдерді анықтауда 94% дәлдікке қол жеткізсе, ал ондаған жылдық тәжірибесі бар адвокаттар 85% көрсеткішке ие болды. Сонымен бірге адвокаттардың келісімшарттарды тексеруге жұмсайтын орташа уақыты 92 минутты құраса, ЖИ 26 секундты қажет етті.

Осы жылдың наурыз айында Эстонияда кішігірім азаматтық сот істерін (7 мың еуроға дейін)  қарастыратын робот-сотын енгізу туралы жоспар белгілі болды. Соттаушы мен жауапкер құжаттарды жүйеге жүктейді, ал ЖИ оларды талдап, сот шешімін шығарады деп қарастырылуда. Сонымен қатар, тараптардың кез келгені бұл шешімге байланысты сотқа (адамға) шағымдана алады. Жоғарғы технологияларға инвестицияларымен және экономикасын цифрландыруымен танымал Эстония, ЖИ-ке сот ісін жүргізуді енгізу арқылы, мемлекеттік қызметкерлерге жүктемені азайтып, неғұрлым күрделі мәселелерге назар аударуға мүмкіндік береді.

ЖИ-ті сот ісін жүргізуде қолданудың тағы бір мысалы ретінде, виртуалды судьяны қосатын онлайн-сервис, Бейжің Интернет-сотын қарастыруға болады. Бұл судья сотқа жүгінетіндерге онлайн сот платформасын қолдану арқылы көмек көрсетілуі жоспарлануда, сонымен қатар нақты адамдармен диалог жүргізуге және оларға белгілі бір сұрақтарына жауап алуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ЖИ судьяларға күнделікті қайтаналатын жұмыстарды жүргізуде, соның ішінде соттық шағымдарды қабылдауда көмек көрсетуі тиіс. Осылайша судьялар сот процестеріне тікелей назар аудара алады.

2016 жылдың қазан айында Лондон университетінің колледжі, Шеффилд университеті және Пенсильвания университетінің зерттеушілері жасаған, адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың шешімдерін 79% дәлдікпен болжай алатын жасанды интеллект туралы белгілі болды. Әзірлеу тобы соттық іс жөніндегі мәтіндерде белгілі бір заңдылықтарды іздеу үшін адам құқықтары жөніндегі Еуропалық конвенцияның 3 (азаптауға тыйым салу), 6 (әділ сот ісін жүргізу құқығы) және 8 (жеке және отбасылық өмірді құрметтеу құқығы) баптарына қатысты 584 ісі арқылы ЖИ алгоритмдерін пайдаланды. ЖИ алгоритмдерін жаттығуда тусініспеушілік пен қате болжамдарды алдын алу үшін олар Конвенцияны бұзудың және бұзушылықтың болмау жағдайларын теңдей таңдап алды.

Байқағанымыздай, технологиялар заңгерлердің жұмысын өзгерту үстінде және қазірдің өзінде кейбір салаларда оларды алмастыра алады. Сондай-ақ, бүгінгі таңда чатботтардың сәтті жұмысының көрінісі ретінде олардың автокөлік тұрағында жасалатын айыппұлдың қайта қарастырылуын, сот құжаттарын дайындау немесе сот отырысында айтылатын сөзді дұрыс құрауға көмектесуін қарастыра аламыз. Технологияның қарқынды дамуы көптеген заңгерлерді, атап айтқанда жұмысы қарапайым, күнделікті қайталанатын әрекеттерді орындаумен айналысатындарды ығыстыруы мүмкін. Алайда оларды машиналармен толық алмастыру туралы айтуға әлі ерте. Мысалыға дұрыс емес ЖИ жаттығулары, нәсілдік кемсітушілікке немесе бұрыс пікірге әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, роботтар әзірге жанашырлық таныту, «сұхбаттасушыны тыңдау» және төзімділік таныту сында  сезімдерді көрсете алмайды, сол себепті әлі де адамдар  аранайы заңгерлерге жүгінеді. Кемшіліктерге қарамастан, технологияны қолдану сот жүйесіне қазіргі жүктемені едәуір азайтып, заңгерлік қызметтерді көрсету құнын төмендетеді.

Айта кету керек, заң саласын қайта құру процесі қазірдің өзінде басталып кетті және көптеген заңгерлер, әсіресе оқу орындарының соңғы түлектері үшін жаңа білім, атап айтқанда, бағдарламалау тілдерін меңгерудің уақыты келгендей. Сонымен, Англия мен Уэльстің лорды Жоғарғы Сотының IT-консультанты Ричард Сасскиннің айтуынша, жақында заң инженері, заң сарапшысы, дауларды шешудің онлайн режимінде жұмыс істейтін маман және сол сияқты т.б. жаңа мамандықтар пайда болады. Жаңа технологиялар саласындағы қажетті дағдылар мен білімнің жетіспеуі тіпті бірінші дәрежелі заңгерді де бәсекеге қабілетсіз етуі және еңбек нарығында сұранысын азайтуы мүмкін.

: Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
7632 просмотров
Поделиться этой публикацией в соцсетях:
Об авторе:
Загрузка...
15 октября родились
Именинников сегодня нет
Самые Интересные

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить