«Бастау» жобасын жүзеге асыру қалай жүріп жатыр?

21429

Қанша адам өз бизнесін ашты, жұмыспен қамтылғандар қанша?

Бауыржан Оразғалиев
Фото: архив пресс-службы
Бауыржан Оразғалиев

Бұл туралы Forbes.kz тілшісіне  нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға  арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жобаға қатысты сұхбат берген  «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарушы директоры - Жаппай кәсіпкерлік және микроқаржыландыру департаментінің директоры Бауыржан Оразғалиев айтып береді.

Спикердің айтуынша  2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы нақты тиімділік көрсеткіші (KPI) бар бағдарламалардың бірегейі болды. Себебі, жалпы оқуға қатысушылардың ең кем дегенде 20% өз кәсіптерін ашуы керек.

Кәсіпкерлік негіздерін оқытатын «Бастау» жобасының мақсаты – кәсіпкерлікке баулу арқылы жұмыссыздар  мен өзін-өзі қамтыған халықтың экономикалық белсенділігін көтеру. Жоба шеңберінде 3 негізгі құрал біріктірілген. Олар оқыту, шағын қаржыландыру (кепілдеме) және сүйемелдеу болып табылады.

«Бастау» жобасының ең басты ерекшеліктері:

  • Нақты, әлеуметтік жағынан осал топқа бағдарлау (жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтығандар);
  • «Еңбек» бағдарламасында жобаны қаржыландыруға қаржының болуы (жалпы 2017 жылы 31 млрд теңге, 2018 жылы 62 млрд теңге);
  • Оқытудың тәжірибелік түрі (80 сағат оқыту, 120 сағат топта жеке кеңес беру);
  • Бірлескен экспресс-талдау (үй-үйді аралау);
  • Бизнес-жобаны дайындау және қорғау, қаржыландыру кезеңіне дейін және қаржыландырудан кейінгі сүйемелдеу;
  • Жобаның барлық қатысушылары кәсіпкерлікпен шұғылдануға икемі мен ынтасын анықтайтын онлайн-тестілеуден өтеді-дейді департамент директоры.

«Атамекен» ҚР ҰКП мәліметінше жоба географиясы 2017 жылы 80 ауданды қамтыған.  Ал 2018 жылы 160 аудан, 40 қаланы құрады.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасы (әрі қарай - Бағдарлама) бес жылға қарастырылған жалпы мақсаттық көрсеткіштер: қатысушылар саны – 135 мың адам және бизнесті іске қосу – кем дегенде 27 мың субъект болуы тиіс.

-2017 жылы Қазақстанның 80 ауданында 15 мың жұмыссыз  және өзін-өзі қамтығандар (бастауыш кәсіпкерлер) оқыды. Курсты аяқтаған соң шағын қаржыландыру, гранттар мен өзін-өзі қаржыландырудың арқасында 3314 қатысушы кәсіптерін іске қосты (кеңейтті). Оның ішінде 2583 бизнес-жоба жалпы сомасы 8,1 млрд теңге көлемінде шағын қаржыландыру арқылы жүзеге асырылды. Қатысушылардың ішінде 8300 адам бизнес- жобасын қорғап,  5500  жұмыс орны іске қосылды.    Сонымен қатар, 731 жоба қатысушылардың өз қаржысымен жүзеге асырылды-дейді  Бауыржан Оразғалиев.

Бір бизнес-жобаның орташа құны – 3,1 млн теңгені құрайды екен. Іске қосылған бизнес-жобалардың 81%  Агроөндірістік кешені саласына жатады. «Бастау» жобасына қатысушылардың салық түсімдерін талдау қорытындысы бойынша өсім 11 596 329 теңгені (28%) құрады: 2017 жылдың 6 айында 41 079 437 теңгені құраса - 2018 жылдың 6 айында өсім 52 675 766 теңге болған.

 - Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес – кәсіптерін іске қосқан  «Бастау» жобасының 3314 түлегінің 94,5 пайызы ағымдағы жылдың 1-ші жартысында мемлекеттік бюджетке салық шегерімін жасады. ҰКП іске қосылған жобаларға үздіксіз мониторинг жүргізеді. Оқу сапасын бақылаудың барлық құралдары жасақталған. Жұмыссыздар мен өзін-өзі қамтығандармен байланыс орнату мақсатында жобаның байланыс-орталығы құрылды:

  • Оқу қатысушыларымен күнделікті сауалнама;
  • ҰКП (жобалық топ) және Өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің алаңға шығуы арқылы аудит;
  • Байланыс орталығына келіп түскен қоңыраулар-деп хабарлады басқарушы спикер.

Ал, 2018 жылы  «Атамекен» ҰКП «Бастау» жобасы аясында  кәсіпкерлік негіздеріне 160 аудан мен 40 қалада 28 345 жұмыссыз және өзін-өзі қамтығандар оқу аяқтады. 2018 жылы жоба ауқымы екі есе өсті: алғаш рет барлық аудандар, облыс орталықтары мен шағын қалалар қамтылды. Бұл жолы қатысушылар 28 345  болса, соның ішінде 19 мың 450 адам (68%) бизнес- жобаны қорғады, 768 бизнес -жоба іске қосылды, 11 мың жұмыс орны ашылды.

- Бағдарлама бойынша шағын қаржыландыруға бөлінген қаржының көлемі 2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда артқан. Мысалы, 2017 жылы ауылдарда шағын қаржыландыру үшін 27,1 млрд теңге, ал 2018 жылы 44,7 млрд теңге бөлінді. ҚР Президентінің «Бес әлеуметтік бастама» атты жолдауының арқасында 20 млрд теңге (ауылдарда – 13,9 млрд теңге, қалаларда – 6,1 млрд теңге) көлемінде қосымша қаржы бөлінді.

«Бес әлеуметтік бастама» аясында  бөлінген қаржыны есепке алғанда шағын қаржыландыру үшін ауылдар мен қалаларда (ҚР АШМ, ҚР ҰЭМ арқылы) 62 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді-деді «Атамекен» өкілі.

Бір бизнес-жобаның орташа құны – 3,6 млн теңгені құрайды.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметіне сәйкес – кәсіптерін іске қосқан «Бастау» жобасының барлық түлегінің 92,9% 2018 жылдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке салық шегерімін жасады.

2018 жылы 7692 бастапқы бизнес-жобалар іске қосылды. «Бастау» жобасы бойынша 11 000 жұмыс орны құрылды.

Өткен жылмен салыстырғанда жүзеге асырылған бизнес-жобалар түрлі бағытта болды: Агроөндірістік кешені саласындағы жобалар 80%-дан 65% -ға дейін төмендеді. Бұл салада  бастапқы бизнес-жобалар ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының айналасында жеткізілімдер тізбегінде шоғырланған.

Былтыр оқу кестесі мен «ҚазАгро» АҚ еншілес ұйымдары арқылы қаржыландыру бір жүйеге келтірілді, бұл оқытудың барлық 6 кезеңінің қатысушыларын қаржымен қамтуға мүмкіндік берді. 2019 жылы «Атамекен» ҰКП IT (CRM, LMS) жүйелерді қолданысқа енгізу, сонымен бірге сүйемелдеу элементтерін маркетингтік зерттеудің нәтижесі – скрининг арқылы жобаны шыңдауды қолға алды. Оқудың бағдарламасы, қатысушылардың пікірін анықтау жүйесі жетілдірілді, жоба қатысушыларының картасы (CRM) енгізілді, скринингтің нәтижесі қолданылды, маркетингтік тізбектер іске қосылды.

- Шағын несиелеудің қолжетімділігін арттыру және салалық шектеулерді алып тастау мақсатында 2019 жылдан бастап «Атамекен» ҰКП-мен үлестес 4 шағын несиелеу ұйымы мен Өңірлік кәсіпкерлер палатасы қатысуымен жалпы жарғылық капиталы 150 млн теңге (51% ӨКП және 49% ЖАО) болатын 10 шағын несиелеу ұйымын Бағдарламаға жұмылдыру жоспарланған. Осылайша, «Атамекен» ҰКП барлық құрауыштар: оқыту, қаржыландыру және сүйемелдеудің операторы болады. Соңғы элемент, яғни сүйемелдеу Қазақстан бойынша орналасқан 187 кәсіпкерлерді қолдау орталығы арқылы жүзеге асады-деп түйіндеді директор.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить