Қазақ және орыс тілі туралы

7477

Қазақ тілінің жағдайы ешбір басқарусыз жақсарып жатқанына қарамастан, оның қолданыс аясының кеңеюі жүйесіз жүріп жатыр

ФОТО: pixabay.com

Украинадағы соңғы жағдайлар Қазақстанда қайталанбасын десек, еліміздің өміріміздегі кейбір мәселелерге ерекше назар аударуға тура келеді. Осы жерде мен мектепке дейінгі және мектептегі білім берудегі қазақ және орыс тілі туралы ойымды ортаға салғым келеді.

Қазіргі кезде Қазақстанда мектепке дейінгі және мектептегі білім беруде екі тілді жүйе қалыптасқан, ақырындап қазақ тілінің үлесі артып келеді, бұл қалыпты және заңды үрдіс. Бірақ мемлекет назарға алуы керек бірнеше сәт бар.

Бүгін қазақстандық орта білім беру жүйесіндегі түлектер екі тілде сөйлейді және олардың білім деңгейі әртүрлі (PISA мәліметінше, қазақ мектебінің орташа оқушысы орыс тілінде білім беретін мектептің оқушысынан бір жарым жыл артта қалған). Еліміздің білім беру жүйесі екі түрлі оқу деңгейіндегі әрі құндылықтары да екі түрлі екі типтегі азаматтарды дайындап жатыр деуге болады. Бұл дұрыс емес әрі мемлекет үшін өте қауіпті. Атап өту керек, орыс тілінде білім беретін мектепте, ерекше жағдай болмаса, қазақ тілін үйретпейді. Ондай мектептің түлегі мектепке дейін үйренсе және мектептен тыс уақытта пайдаланса ғана қазақ тілінде еркін сөйлей алады.

Қазақ тілінің жағдайы ешбір басқарусыз жақсарып жатқанына қарамастан, оның қолданыс аясының кеңеюі жүйесіз жүріп жатыр және қазақстандықтарды біріктіру мәселесін шешпейді, себебі ол ұлтаралық байланыс тіліне айналған жоқ. Оның орнына қазақ тіліндегі білім деңгейі төмендеп жатыр. Өкінішке қарай, бұл обьективті факт, жаһандану үдерістерінің күшеюінен аз қамтылған тілдердің рөлі азайып келеді. Олар тірі қалу үшін үлкен тілге сүйену керек. Қазір орыс тілін сапасыз әрі толыққанды емес түрде қазақ тіліне алмастырып жатқанын көріп отырмыз. Бірақ тиімді әрі тұрақты даму үшін бізге шынайы қос тілділік керек.

Мемлекеттің тіл саясатындағы бұл өзгерістерді білім беру жүйесі арқылы ғана жүргізуге болады. Мемлекеттің шынайы қос тілділік бойынша міндетті тек балабақша, мектеп және институтта ғана барынша жұмсақ түрде жүзеге асыруға мүмкіндігі бар. Қазақ балабақшаларында, мектептерінде орыс тілінің жеткілікті көлемін қамту керек. Орыс балабақшалары мен мектептерінде қазақ тілінің көлемін ұлғайту керек. Бұл шаралардың басты міндеті – мектеп бітіргенде түлектер екі тілді қатар меңгеріп шығуы тиіс. Болашақта мектепке дейінгі және мектептегі білім беру жүйесі екі тілді балаларды дайындап шығаратындай біртұтас болуы қажет. Тілдерді меңгеру критериі өте қарапайым. Екі тілді адамға қандай тілде сөйлесе де, оқыса да бәрібір болуы керек.

Орта білім беру жүйесіне ағылшын тілін енгізу бағдарламасын да жасап шығару маңызды. Бірақ Қазақстанда ағылшын тілі кең таралмағандықтан және педагогикалық кадрлер жеткілікті болмағандықтан оны шынайы түрде енгізу біраз уақыт алады.

Егер бұл жүйені алдағы екі-үш жылда енгізсе, онда он жылдан кейін 25-тегілер және бұл жасқа әлі толмағандардың бәрі, ал жиырма жылдан кейін 35-ке толғандардың қазақ тілін меңгеріп алады, бұл дегеніміз – халықтың жартысы. Отыз жылдан кейін бұл мәселені ұмытамыз. Негізгі қарым-қатынас тілі қазақ тілі болады. Көпшілік азаматтар қазақ тілін меңгерген жағдайда оны орыс тілі ығыстырады деген еш қауіп болмайды.

Екі жақтан да айыптау болмас үшін, айта кетейін, бұл мақалада баланы ұлттық ерекшелігіне қарай бөлу емес, тек білім беру тілі жайлы айтылып отыр. Ата-аналар мен балалар оқу тілін өздері таңдайды, ал білім беру жүйесі оларға екі тілде де еркін сөйлеп, оқып, жаза алатын деңгейге дейін меңгертетініне кепілдік береді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить