Ақпандағы сауалнама нәтижелері бойынша, халықтың инфляциялық күтулері өзгерген жоқ

7443

Инфляциялық күтулердің бір жыл алға сандық бағасы 6,7%-ды құрады

ФОТО: pixabay.com

2021 жылдың ақпан айындағы халықтың инфляциялық күтулері бойынша ҚРҰБ Ақша-кредит саясаты департаменті директорының орынбасары Денис Чернявскийдің түсіндірмесі.

Келесі 12 ай ішінде бағаның ағымдағы өсу қарқынының сақталуын не бағаның неғұрлым жылдам өсуін күтетін респонденттердің үлесі іс жүзінде өзгерген жоқ – 42,8% (қаңтар – 42,4%).

Респонденттердің көпшілігі азық-түлік бағасының тез өсетінін айтып келеді. Атап айтқанда, жұмыртқа, қант, нан-тоқаш өнімдерінің бағасы өскенін айтқан респонденттердің үлесі көп.
Қаңтармен салыстырғанда, тұтынушылық көңіл-күй біршама нашарлады, бірақ тұтастай алғанда олар оң аймақта.

ФОТО: nationalbank.kz

Инфляцияны бағалау кезінде бағаның жоғары өсуін атап өткен респонденттердің үлесі 53%-ға дейін көбейді (қаңтарда – 51%). Респонденттердің 90%-ы азық-түлік бағасының өскеніне тоқталды. Атап айтқанда, нан-тоқаш өнімдері, жұмыртқа, қант, темекі, құрылыс материалдары, сондай-ақ ТКШ қызметтерінің бағасы бар.

Сауалнамаға қатысқандардың жартысы соңғы жылдағы материалдық жағдайын бағалағанда, аса өзгеріс жоқ екенін байқатты. Ал, болашақ қаржылық жағдайын айтуға келгенде, көп үміт күтетіндерін білдірді.

Халықтың көлемдеп сатып алуға дайындығы алдыңғы аймен салыстырғанда теріс бағалардың өсуіне байланысты сәл нашарлады, ал соңғы айларда нақты сатып алулар жасаған респонденттердің үлесі төмендеді.

2021 жылы ақпанда экономикалық дамудың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді күтулері сәл нашарлады. Алдағы жылға арналған экономикалық дамуды бағалау кезінде оптимистік жауаптардың үлесі төмендеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить