Күнтізбеде көктем келгенімен күн әзірге жылына қоймайды — Қазгидромет

Қазгидромет синопиктері 29 ақпан — 2 наурыз аралығына арналған үш күндік ауа райы болжамын жариялады.

Күнтізбе бойынша көктем келеді, бірақ қыс кете қоймайды.

Қазақстанның басым бөлігі ауқымды антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Осыған қарамастан еліміздің оңтүстігі мен солтүстігіне екі циклон әсер етіп, жауын-шашын жауады, жел күшейеді.

Температуралық фонда минус сақталады.

Тек Қазақстанның батысында ғана күндіз термометр бағаны 10 градус жылыға дейін жоғарылайды.