Қазақстан жаңалықтар
2024-02-21 18:20:00
Қазақстан Сыртқы істер министрі Ресейдің елшісін қабылдады
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады.
Кездесу барысында тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі барлық өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.
Тараптар стратегиялық әріптестік пен одақтастық рухында дамып келе жатқан Қазақстан-Ресей қатынастарын одан әрі нығайтуға деген көзқарасты растады.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»
Больше на Forbes