Қызылорда облысында медицина қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды
Қызылорда облысында медицина қызметкерлерінің конституциялық құқықтары қорғалды.
Жаңақорған ауданының прокуратурасы еңбек заңнамасының жай-күйіне талдау жүргізді.
«Нәтижесінде Жаңақорған аудандық көпбейінді орталық ауруханасындағы 331 қызметкерге тиесілі 21,5 млн теңге көтермелеу қаражаты төленбей, конституциялық құқығының бұзылуына жол берілгендігін анықтады. Атап айтқанда, медициналық-санитариялық алғашқы көмек тарифіне қосымша компонент бойынша өткен жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларына төленбеген. Осылайша медицина қызметкерлерінің конституциялық құқықтарының бұзылуына жол берілген», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық прокуратурасынан.
Прокуратура тарапынан қабылданған шаралар бойынша 331 медицина қызметкеріне тиесілі көтермелеу ақша қаражаты төленіп, бұзылған құқықтары қорғалды.
Вам может быть интересно: «Костенко шахтасының 9 лауазымды тұлғасы күдікті деп танылып отыр – Бас прокуратура»