Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған 9 пәкістандық ұсталды

Қазақстан аумағына заңсыз өтпекші болған Пәкістанның 9 азаматы ұсталды, деп хабарлайды ҰҚК.

«15 ақпанда қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістанның 9 азаматы ұсталды. Ұсталындарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген хабарламада.