Қазақстандық Алина Дауранова әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Алина Дауранова конькимен жүгіруден Әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.

ФОТО: ҚР МСМ Баспасөз қызметі

Дүбірлі дода Германияның Инцель қаласында өтіп жатыр. Жарысқа 23 елден 149 спортшы қатысуда.

ФОТО: ҚР МСМ Баспасөз қызметі

Әлем чемпонатының алғашқы күнінде 500 метр қашықтықта бақ сынаған Алина мәреге үшінші келіп, құрама қоржынына жүлде салды.

Ал, алтын медальға Италия спортшысы Серена Пергер қол жеткізсе, күміс жүлдені нидерландық Ангел Далеман алды.