ОПЕК+ елдері өндіріс деңгейін ұлғайтуды жалғастыруға келісті

ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін шілдеде тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру қажет. Бұл туралы бүгін ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің бейнеконференция форматында өткен отырысында айтылды, деп хабарлайды  ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында сәуір айында елдердің келісім бойынша міндеттемелерін орындауы талқыланды. Оған Қазақстан атынан энергетика вице-министрі Әсет Мағауов қатысты.

«Отырыс қорытындысы бойынша ОПЕК+ елдерінің ағымдағы өндіру деңгейін шілде айында тәулігіне 0,648 млн баррельге ұлғайтуды жалғастыру және артық өндіру өтемақысы кезеңін 2022 жылғы желтоқсанға дейін ұзарту туралы шешім қабылданды», - делінген министрлік мәлімдемесінде.

Бұған дейін хабарланғанындай, Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша тәулігіне 1,655 млн баррель мұнай өндірмек.