Тоқаев шешімі: Алматыдағы президенттің қызметтік резиденциясы сүріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Алматы қаласындағы президенттің қызметтік резиденциясы сүріледі.

"Қаңтар оқиғасы кезінде бұзақылар мен лаңкестер өртеп, қиратқан Алматы қаласындағы президенттің қызметтік резиденциясы сүріледі. Оның орнына қала тұрғындары үшін саябақ салынады", - деп жазды Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.