Қазақстандықтар айырбастау операциялары кезінде цифрлық құжаттарды қолдана алады

Қазақстан Ұлттық банкі айырбас операциялары кезінде цифрлық құжаттарды қолдану мүмкіндігі туралы хабарлады, деп хабарлайды Sputnik.

"Қазақстан Ұлттық банкі айырбастау пунктерінде қолма-қол шетел валютасымен операция кезінде клиенттерді сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттарды да пайдалануға мүмкіндік беретін түзетулердің қабылданғаны туралы хабарлайды", - делінген хабарламада.

Сәйкес өзгертулер қаулы алғаш рет ресми түрде жарияланған күннен кейін 90 күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді (қаулы 2021 жылдың 29 желтоқсанында жарияланды).