Қазақстан жаңалықтар
12 декабря 2021, 12:22
Түркістан облысындағы тоннелдің құрылыс барысы
Дүниежүзілік банктің, Автомобиль жолдары комитетінің және «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Түркістан облыстық филиалының өкілдері республикалық маңызы бар «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» 593-632 шақырым (Шақпап Баба ауылы) а/ж қайта құру учаскесіндегі тоннелге бірлесіп шықты.
Кездесу барысында өкілдер жұмыс барысымен және объектідегі ағымдағы жағдаймен танысты.
Автомобиль жолдары республикалық маңызы бар «Қорғас-Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент» 593-632 шақырым тоннельдің бір жақ жолағының 840 метр құрылысы аяқталды. Қазіргі уақытта бетон жұмыстары толығымен аяқталып, дренаж жүйесінің құрылысы жүргізілуде.
Екінші жолақтың ашылуына 340 метр қалды. Жоба 2022 жылы пайдалануға беріледі.
Вам может быть интересно: «Алматыда карантин талаптары жеңілдетілді »
Больше на Forbes