Рfizer вакцинасын жеткізу бойынша

Рfizer бойынша ақтық келісімшартқа қол қойдық. Рfizer компаниясында келісімнің бірнеше процесі бар. Ақтық келісімшарт бойынша төртінші тоқсанда шамамен 4 млн доза жеткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой. 

Қазақстанның әр өңірінде тоңазыту жүйесі болады. Ол қажетті -80 градустық режимге сай болуы керек.

Вакцинациялау пункттері құрылады. Принципі ұқсас, тек сақтау температурасының режимі ғана өзгеше. Сондықтан өңірлердің бәрінде қосымша қондырғылар орнатылады.