Моңғолияда Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фото мен кітап көрмесі ұйымдастырылды
Қазақстанның Моңғолиядағы Елшілігі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фото және кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шараға Моңғолияның сыртқы істер, білім және ғылым, әділет және ішкі істер министрліктерінің, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.
Қонақтардың назарларына тәуелсіз Қазақстандағы қалыптасуы мен еліміздегі қарқынды саяси, эконоикалық, қоғамдық және рухани өзгерістерді, оның халықаралық алаңдағы табыстарын паш ететін фотосуреттер мен кітаптар, ұлт тарихындағы көрнекті тұлғалардың портреттері ұсынылды.
Көрмені ашқан Қазақстан Елшісі Жалғас Әділбаев мемлекетіміз тәуелсіздігінің 30 жылы ішіндегі басты табыстары ретінде қарқынды экономикалық өсімді, қоғамның алға басуды, халықаралық қауіпсіздік жүйесіндегі белсенді рөлін атап өтті.
Сонымен қатар, отандық дипломат жиналған қауымға елдің тұрақты дамуы мен азаматтарымыздың әл-ауқатын қамтамасыз етуге бағытталған қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан экономикалық және саяси реформалары туралы мағлұмат берді. Сондай-ақ, ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі мен жүйелі реформалар – елдің өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауының мазмұнын қысқаша баяндады.
Сонымен қатар, көрменің ашылуында сөйлеген Моңғолияның Қазақстандағы бұрынғы Елшісі Дамдинжав Дашням тәуелсіздіктің 30 жылында Қазақстанның қуатты мемлекет құру үшін қолға алған іргелі жұмыстарын, сондай-ақ инфрақұрылым мен ескірген өндірістік жүйені дамыту мақсатында атқарылған табысты реформалар, жаңғырту мен кешенді шараларды жүргізгенін атап өтті.
Д. Дашнямның айтуынша, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың дана және теңдестірілген саясатының арқасында Қазақстан әсерлі нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінде оның мемлкетті одан әрі дамытудағы белгіленген бағыты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жалғастырып келеді.
Іс-шара барысында қонақтар домбыраменжәне моринхур моңғол халық аспабымен орындалған қазақтың ұлттық музыкалық туындыларын тыңдау мүмкіндігіне ие болды. Бұған қоса, атақты сазгер Дина Нұрпейісованың 160-жылдығына орай Моңғолиядағы қазақ диаспорасының талантты жастары оның «Науаи» және «Әсемқоңыр» атты танымал күйлерін орындады.
Вам может быть интересно: «ҚР Президенті Кореяның ұлттық батыры Хон Бом Доның құрметіне орай өткен рәсімге қатысты»