Су тасқыны: 18 651 адам үйлеріне оралды

6649

Су тасқыны қауіпті өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары, су тасқынына қарсы іс-шаралар, су тасқыны салдарын жою жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Су тасқынына қарсы іс-шаралардың нәтижесінде 18 651 адам өз үйлеріне оралған.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш су тасқыны басталғалы бері 117 694 адам, оның ішінде 43 931 бала құтқарылып, эвакуацияланғанын айтты.

«Қазір 6 887 адам, оның ішінде 3 166 бала эвакуациялау пунктерін қоныс еткен. 4 216 тұрғын үй мен 2 698 аула аумағынан судың бағыты бұрылды. 10,1 млн астам текше метр еріген қар суы сорып шығарылды, 3,2 млн қапшық және 1,4 млн астам тонна инертті материал төселді», - деді ол.

Белгілі болғандай, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 5 718 жеке тұрғын үй, 1 130 аула аумағы әлі су астында қалуда.

Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 38 ТЖ әрекет етеді.

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауға, үйлерден және эвакуациялау пункттерінен тиісті рұқсатсыз кетпеуге шақырады және балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
АЛЕКСАНДР ГЕРЧИК: $20 МЛН ЗА 25 ЛЕТ В ТРЕЙДИНГЕ Смотреть на Youtube