Алматы әуежайында мемлекетаралық іздеуде жүрген ресейлік ұсталды

15418

11 сәуірде Внуково-Алматы бағытындағы рейсі ұшып келгеннен кейін көлік полицейлері ҰҚК шекара қызметі қызметкерлерімен бірлесіп, Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматын ұстады, Polisia.kz деп хабарлайды.

Анықталғандай, ер адамға 2023 жылдың қыркүйегінде Тәжікстан Республикасының азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарды қарулы құрамдарға, қарулы қақтығыстарға немесе басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарға заңсыз тартқаны және қатысқаны үшін мемлекетаралық іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат УҰИ-ға қамалды. Оны экстрадициялау мәселесі қарастырылып жатыр.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить