Бишімбаев ісі: Сот алқа билерді фото, видеоға түсіруге қатысты тергеу жүргізеді

5859

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың сотында алқа билерді фото, видеоға түсіруге қатысты тергеу жүргізіледі. Бұл туралы сот отырысында белгілі болды, деп жазды Kazinform

«Соттың тыйым салуына қарамастан, кеше БАҚ-та және әлеуметтік желілерде алқа билердің бет-әлпеті бейнеленген видео пайда болды. Сот мұны кім істегенін тексереді. Әзірге сот бұқаралық ақпарат құралдары мен жеке тұлғаларға алқа билермен кадрлары бар әлеуметтік желілердегі бейнелерді жою туралы шешім қабылдады. Тексеру нәтижелері анықталғанға дейін БАҚ өкілдері сот залынан шығарылсын», -деді судья Айжан Құлжанова.

Айта кетейік, Қуандық Бишімбаевтың сотында алқа билерді фото, видеоға түсіріп жариялауға тыйым салынған.

Еске сала кетсек, биыл 27 наурызда елорданың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қ.Бишімбаевтың ісі бойынша алқабилерді іріктеу өтті.

2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты.

Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Мұнан соң Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Өткен жылы 15 қарашада өткен кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министріне Қ. Бишімбаевтің ісін ерекше бақылауға алуды тапсырды.

Биыл 11 қаңтарда елорда соты Қуандық Бишімбаевты күзетпен ұстау мерзімін 2 айға ұзартқан еді, 26 ақпанда Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа түсті.

1 наурызда Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау күні белгіленді.

11 наурыз күні Астананың Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында іс бойынша алдын ала тыңдау өтті.

Алдын ала тыңдау 12 наурызда жалғасты.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить