Қанат Бозымбаев Атырау облысында ТЖ жою жөніндегі жұмысты үйлестіреді

9475

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штаб жетекшісінің орынбасары Қанат Бозымбаев қазір – Атырау облысында. Өңірдегі дайындық режимі – жоғары деңгейде, ТЖ жою жөніндегі облыстық жедел штаб жұмыс істеп жатыр.

Вице-премьер Ақтөбе облысымен шекара аумағын тікұшақпен айналып өтті. Жем өзеніндегі зақымдалған бөгеттің жағдайына баға берді. Кеше оның бұзылуы нәтижесінде Құлсары қаласының екінші және үшінші учаскелері, сондай-ақ «Жадырасын-2», «Болашақ», «Вахталық кент» шағын аудандары, «Қарағай» елді мекені су астында қалды.

6 сәуірдегі жағдай бойынша Атырау облысының үш ауданында күрделі су тасқыны жағдайы сақталуда, 2 елді мекенге көлікпен қатынау мүмкін емес.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить