Барлау және өндіру аукциондары автоматтандырылды

7412

Цифрландыру келешекте келетін және қазір жұмыс істеп жатқан инвесторлар үшін бірыңғай терезе қағидатын іске асыра отырып, жер қойнауын пайдаланушылардың барлық геологиялық ақпаратының ашықтығын және бизнес-процестерінің цифрлық форматын қамтамасыз етеді. Геологиялық барлау саласындағы жаңа тәсілдер туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров айтып берді.
Мәселен, былтырдан бастап «MINERALS.GOV.KZ» ақпараттық платформасы іске қосылды. Қазіргі уақытта платформа 56 мың геологиялық есеппен толтырылған. Комитет оны бастапқы геологиялық деректермен, яғни далалық журналдардың, ұңғымалардың баянаттарының деректерімен, геофизикалық деректермен, басқа да далалық ақпараттармен толтыруға кірісті.

«Мемлекеттік қызметтер бойынша функциялар толық цифрландырылып, автоматтандырылады деп жоспарлануда», - деп сендірді спикер.

Бүгінгі таңда жер қойнауын пайдалану секторына құйылып жатқан жеке инвестициялар көлемінің ұлғаюы бизнестің жер қойнауы учаскелерін іздестіруге үлкен қызығушылық танытатынын растайды. Ерлан Ақбаров мысал ретінде электрондық аукциондарға қатысқан бірқатар ірі шетелдік компанияны атап өтті.

Компаниялар ауданы 25 мың шаршы шақырым учаскені барлауға кем дегенде 40 млрд теңге, әлеуметтік міндеттемелерге 7,8 млрд теңгеден астам қаражат құюды жоспарлап отыр. Барлау басталғаннан бері кен орнын табуға дейінгі орташа кезең 5 жылдан 10 жылға дейін созылатынын ескергенде, кен орындарының «ашылуынан» нәтиже 2028- жылдан ерте емес кезеңде күтіледі.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube