Маңғыстау облысында 100 мың гектар жерді мемлекеттің меншігіне қайтару жоспарланған

6753

Жыл басынан бері Маңғыстау облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы пайдаланылмайтын жерлер анықталды. Бұл туралы 2 сәуірде жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы Қахарман Бағынов пен Жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Қаржаубай баяндама жасаған аппараттық кеңес барысында белгілі болды, деп хабарлайды Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Қазір жер ресурстарын басқару департаменті мен аудан әкімдіктері жер учаскелерін қайтару бойынша жүйелі жұмыс істеп жатыр.

«Ақтауда «Жылы жағажай» курорттық аймағы дамып келеді. Бас жоспарға сәйкес, бұл жерге кіру үшін 37 жол қарастырылған, бірақ олардың ешқайсысы салынбаған. Себебі аудан және ауыл әкімдерінің әлсіз бақылауынан туындап отыр. Егер жер учаскесі жалға берілсе, оның нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын бақылау қажет», - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.

Егер шенеуніктер жер заңнамасының талаптарын елемейтін болса, олар жауапқа тартылуы керек. Иесіз жер учаскесі экономикаға зиян келтіретін олқылық екенін түсінуі керек деп толықтырды өңір басшысы.

«Уәкілетті органдарға жер учаскелерін бөлудің заңдылығына тексеру жүргізуді тапсырамын. Біз қазірдің өзінде инвесторларға жер қажет болатын жағдайларға тап болдық, бірақ ол жалға алынған. Жер пайдалы болған кезде иесіз қалмауы керек. Жер кодексінің талаптарына сәйкес игерілмеген жерді қайтару мәселелерімен жүйелі түрде айналысу қажет», - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Сонымен қатар, биыл маңызды шешім қабылданғанын атап өткен жөн: 2024 жылдың қаңтарында Маңғыстау облысының шекаралары ресми түрде кеңейді. Маңғыстау облысының шекарасына енген аумақтың жалпы ауданы шамамен 722 мың гектарды құрайды. Бұл учаске Қазақстан шекарасында өзгерістер туғызбайды және ҚР су қоры жерлерінің санатына жатады.
2024 жылы өңірдің шекарасын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыру жоспарланып отыр, деп хабарлады жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Қаржаубай.

«Қазақстан Республикасының Каспий теңізіндегі аумақтық суларының (теңізінің) ені мен сыртқы шекарасын және Маңғыстау облысының шекарасын есептеу үшін биыл облыс аумағына бастапқы сызықтар арасында 12 теңіз милін құрайтын жалпы ауданы 1 млн 638 мың га жер учаскесін қосу жөнінде тиісті шаралар қабылдау тапсырылды», - деді спикер.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить
КАК ДЕЛАЛИ РЕЙТИНГ БОГАТЕЙШИХ БИЗНЕСМЕНОВ КАЗАХСТАНА Смотреть на Youtube