Ақмолалық құтқарушылар Көкшетау әкімдігімен бірлесіп адамдарды құтқаруда

9310

Көкшетау қаласында адамдарды эвакуациялау жалғасуда.

Барлығы 113 адам эвакуацияланды, оның ішінде 30 бала.

Көкшетау қаласының «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ бейімдеу орталығына 50-ден астам адам орналастырылды.

Бүгін, Қылшақты өзенінің жағасынан судың шығуына байланысты 16 жеке үй, 29 жеке аула аумағы және 12 көп қабатты тұрғын үй ауласы, сондай-ақ «Ертөстік» балабақшасының 1 қабаты су астында қалды. Қазіргі уақытта еріген суды сору жұмыстары жалғасуда.

Қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жұмыстар ауысым бойынша үзіліссіз жүргізілуде.

 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить