Биыл Арал табанына 275 мың гектар сексеуіл отырғызылады

3840

Биыл Арал теңізінің құрғаған табанына 275 мың гектар сексеуіл отырғызылады. Бұл туралы Аралды құтқару халықарлық қорының Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы отырысында Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев айтты.

«Орталық Азия елдерінің тұрақты дамуы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы аясында көптеген іс-шара өткіздік. Оң ең бастысы – Арал теңізіне қатысты. Өзбекстанмен бірлесіп, Аралдың құрғаған табанында сексеуіл отырғызу жобасын іске асырып жатырмыз. Сонымен қатар Орталық Азия елдерінің қолдауымен жақын арада Тәжікстанда Қалдықтармен күрес жөніндегі өңірлік орталық құрылды. Бүгін осы комиссияға төрағалықты Тәжікстанға тапсырамыз», - деді министр.

Оның атап өтуінше, Арал теңізінің табанына сексеуіл отырғызу күрделі мәселе. Бүгінде Өзбекстан теңіз табанына 1 млн түп, ал Қазақстан 900 мың гектар алқапқа сексеуіл отырғызды.

«Былғы жоспар – 275 мың, ал келесі жылға - 280 мың гектар. Осы көктемде 65 мың гектарға көшет отырғызамыз. Қалғанын күзде тұқым ретінде егеміз. Мұнан бөлек, Аралдың құрғаған табанында құдық қазып, тәлімбақ салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұрын сексеуілді Қазалы сынды топырағы құнарлы жерде өсірсек, қазір сол теңіз табанында өсіру бағытында жұмыс істелініп жатыр», - деді Ерлан Нысанбаев.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить