Қытайға экспортталатын қазақстандық өнімдер 12,6 пайызға артты

5418

«KazakhExport» ЭСК» АҚ «Қазақстан-Қытай сауда-эконмикалық қатынасын дамытудың жаңа жолдары» тақырыбы аясында өткен экспорттаушылардың екінші форумына қатысты.

Іс-шара Сауда және интеграция министрілігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Оған Қазақстан мен Қытай мемлекеттік органдары және квазимемлекеттік ұйымдары, сондай-ақ ірі бизнес өкілдері шақырылды.

Сауда алаңында Қытаймен сауда қатынасын дамытудың өзекті мәселелері талқыға түсті. Атап айтқанда, экспорт, логистика, сертификаттау және инвестиция тарту ісіне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар 200-ге жуық кәсіпкердің басқан қосқан форум шеңберінде В2В форматында келіссөздер жүргізілді. Оның нәтижесінде отандық өндірушілер Қытайға тауарлардың 135 түрін экспорттау мүмкіндігін талқылады.

«KazakhExport» ЭСК» АҚ Қытайдағы арнайы өкілі Сергей Салманов форумның панельдік сессиясында сөз сөйлеп, екі ел арасындағы сауда қатынасына шолу жасады.

«KazakhExport өз қызметі шеңберінде Қытаймен экспорт келісімшарттары бар отандық кәсіпорындарға жан-жақты қолдау көрсетеді. 2023 жылы компания қолдауын тапқан 10 қазақстандық экспорттаушы 105 миллиард теңгеге тауар тасымалдап отыр. Бұл келісімшарттар аясында күнбағыс, рапс, мақсары майлары, ұн, алма шырыны және басқа да өнімдер экспортталып жатыр», - деп атап өтті С. Салманов.

Сауда және интеграция министрілігі жариялаған ашық деректерге сүйенсек, былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда рекорд көрсеткішке – 31,5 миллиард долларға жеткен. Ал Қытайға экспортталатын қазақстандық өнімдер 12,6 пайызға артып, 14,7 миллиард доллар болды.

Айта кетейік, KazakhExport қолданылу мерзімі 10 жыл болатын 129,2 миллиард теңге көлемінде экспортты қолдауға бағытталған мемлекеттік кепілдік алды. Экспортты қолдау жөніндегі мемлекеттік кепілдік KazakhExport сақтандыру міндеттемелерін қабылдау көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бүгінде KazakhExport 650 миллиард теңгеден астам сомаға сақтандыру және кепілдік міндеттемелерін жауапкершілігіне ала алады. 

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить