Былтыр «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 100 млрд теңге бөлінді

5307

Былтыр Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауыл Аманаты» бағдарламасын іске асыру басталды. 2023 жылы бағдарлама аясында 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков ОКҚ алаңында өткен дөңгелек үстел барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бағдарлама жылдық 2,5% сыйақы мөлшерлемесі бойынша 5 жылға дейінгі мерзімге микрокредит беруді көздейді, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін микрокредит мерзімі 7 жылға дейін құрайды. Микрокредиттің ең жоғары сомасы 2,5 мың АЕК – ті құрайды. Биыл бұл сома 9,2 млн теңгеге тең. Ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамыту үшін 8 – мың АЕК, яғни 29,5 млн теңгеге дейін төленеді.

«Айта кету керек, Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өңірлерде сенім білдірілген өкіл ретінде әрекет етеді, олар бағдарлама қолжетімділігін қамтамасыз етеді. 2023 жылы бағдарламаны іске асыруға 17 мың шағын несие беру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Қаражаттың негізгі бөлігі 70%-ға жуығы Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстары үшін қарастырылған», - деді спикер.

Осы облыстарда табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардың ең көп саны, сондай-ақ құрамында еңбекке қабілетті адамдар қатарында жұмыспен қамтылмаған отбасылар байқалады.

Жалпы, шағын несиелеу бағдарламасы ауыл тұрғындары тарапынан негізінен мал шаруашылығын дамытуға қызығушылық танытқандығын көрсетті. Мәселен, мал шаруашылығы саласына берілген микрокредиттердің жалпы көлемінен 79%-ды құрайды. Өсімдік шаруашылығына несиелердің 4,1%-ы және ауыл шаруашылығына жатпайтын бизнес түрлеріне 16,9%-ы бағытталды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы шеңберінде салаларға кредит беру бойынша сараланған тәсілді қамтамасыз ету үшін Министрлік бөлінген қаражаттың жалпы сомасының 50% -дан аспайтын мал шаруашылығы саласына жіберуге шектеу қойды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить