Қазақстандық спортшылар нысана көздеуден әлем кубогына қатысады

3758

 Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 11-20 сәуір аралығында нысана көздеуден әлем кубогының лицензиялық кезеңі өтеді.

Әлем кубогында ел намысын қазақстандық 10 спортшы қорғайды. Олардың қатарында винтовкадан Ислам Сатпаев, Елизавета Безрукова, Александра Ле, Арина Алтухова, Никита Шахторин, Константин Малиновский сынға түседі. Ал тапаншадан нысана көздеуде Валерий Рахымжан, Эльдар Иманқұлов, Ирина Юнусметова, Руслан Юнусметов жарыс жолына шығады.

Ұлттық құрама спортшылары қазір Шымкент қаласында арнайы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Лицензиялық жарыста жүлдегерлер қатарынан көрінген мергендер 2024 жылғы Париж Олимпиадасына жолдама алады. Ал қалған жолдамалар мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы әлем кубогының кезеңінен кейін олимпиадалық рейтинг қорытындысы бойынша таратылады.

Еске салсақ, бұдан бұрын семсерлесуден Қазақстан ерлер құрамасы Грузия астанасы Тбилисиде өтіп жатқан әлем кубогінде қола жүлдегер атанды.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить