Транскаспий халықаралық көлік бағытын күшейту үшін не істелініп жатыр

7165

Көлік министрлігі Транскаспий халықаралық көлік бағытын күшейту үшін қандай іс-шаралар қолға алынғанын мәлім етті.

Айта кетерлігі, өткен жылдан бері бұқаралық ақпарат құралдарында Ресей тарапы Қазақстан аумағын айналып өтетін «Оңтүстік көлік дәлізіне» бастамашылық жасағаны туралы мәлімет тараған болатын. Осыған орай Көлік министрлігінен аталған дәліздің Транскаспий халықаралық көлік бағытына қаншалықты бәсекелес бола алатындығын сұраған едік.

«Министрлік бүгінде Транскаспий халықаралық көлік бағытынан жүктерді басқа балама бағыттарға бағдарлауға жол бермеу мақсатында инфрақұрылым мен терминалдық қуаттарды жақсарту, порт қуаттарын кеңейту, жылжымалы құрамды ұлғайту, әкімшілік кедергілерді алып тастау және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде», - деп жауап берді ведомстводан.

Ресей бастама жасап отырған «Оңтүстік көлік дәлізі» - бұл теңіз және құрлық жолдарын қосатын мультимодальды бағдар. Ол бастауын Қырғызстаннан алып, Өзбекстаннан өтіп, Түрікменстанның Каспий теңізіндегі Түрікменбашы портына дейін созылады. Одан ары теңіз арқылы Астраханьға жетеді.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить