Брюссельде Қазақстандағы инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндіктеріне арналған бизнес-форум өтті

Қазақстанның Брюссельдегі елшілігі «BEСI» (Брюссель) және «BeNеLux» (Астана) сауда-өнеркәсіп палаталарының ұйымдастыруымен Қазақстан, Бельгия мен Люксембургтің 60-тан астам ресми және кәсіпкерлік өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-Бельгия бизнес-форумын өткізді.

Іс-шараның барысында Қазақстанның Бельгиядағы елшісі Марғұлан Баймұхан Бельгия біздің экономикамызға ең ірі инвесторлардың бірі екенін атап өтті. Соңғы 30 жылда тікелей инвестициялар көлемі 11 млрд АҚШ долларынан асты және бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Оның үстіне соңғы жылдары сауда көлемі тұрақты өсуде. Бүгінгі таңда Қазақстан нарығында бельгиялық капиталдың қатысуымен 70-тен астам компания жұмыс істейді.

Осы ретте Бельгияның Астанадағы елшісі Анри Вантигем Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы маңызды рөлін атап өтіп, бельгиялық компанияларды Қазақстандағы кәсіпкерлік субъектілерімен ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндігін қарастыруға шақырды.

Бизнес-форумның барысында қатысушылар еліміздің инвестициялық мүмкіндіктерімен, сондай-ақ қазақстандық өнімдердің Еуропа нарығына экспорттау әлеуетімен таныстырылды.

Сонымен қатар қазақстандық «Qazbiopharm» және «Batys Wood Works» компаниялары фармацевтика және құрылыс салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы айтты.

Іс-шараның аясында «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен бельгиялық «Ahlers» көлік-логистикалық компаниясы, сондай-ақ «BeNеLux» сауда палатасы мен «MEUWISSEN» заң фирмасы араларында ынтымақтастық туралы екіжақты құжаттарға қол қойылды.

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Популярное
Выбор редактора
Ошибка в тексте