Алматыда екінші ауысымдағы оқушылар мен студенттерге сабақ болмайды

Алматы білім басқармасы ата-аналарға үндеу жасады.

«4 наурыз күні Алматы қаласының мектептері мен колледждерінде екінші ауысымдағы сабақтар болмайды. Балабақшалардағы балаларды ата-аналар қалауы бойынша алып кетеді», - деп хабарлады Алматы қаласының білім басқармасынан.

Еске салайық, бүгін Алматыда 5 балдық жер сілкінісі болды.

Алматы әкімдігі барлық жиналу пунктері ашық екенін мәлімдеді.

Алматы полициясы күшейтілген режимге ауысты.

Сондай-ақ Алматы әуежайы қалыпты режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлады. 

Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter
Выбор редактора
Ошибка в тексте