Қазақстандық теннисші қатарынан 17 матчта жеңіске жетті

14987

Қазақстандық, әлемнің 309-ракеткасы Дмитрий Попко Тукуман (Аргентина) ITF турнирінің ширек финалына шықты.

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен дүниежүзілік рейтингіде 1855-орында тұрған аргентиналық Гонсало Сейтунені 6:1, 6:3 еебімен қапы қалдырды.

Д.Попко екінші айналымда рейтингіде 1322-сатыдағы Перу өкілі Педро Ямачкинені ойсырата жеңді – 6:1, 6:1.

Дмитрий Попко жартылай финалға шығу үшін әлемнің 609-ракеткасы, боливиялық Хуан Карлос Прадо Анхеломен таласады.

Мұның алдында АҚШ-тың Флорида штатында өткен үш бірдей ITF додасында жеңімпаз атанған Д.Попко осымен қатарынан 17 матчта жеңіске жетіп отыр.

Қазақстанның әйелдер арасында жұптық сында бірінші, әлемнің 44-ракеткасы Анна Данилина Остин (АҚШ) WTA 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады.

Жарыстың 2-ракеткалары болып тіркелген А.Данилина – қытайлық Шуай Чжан ширек финалда аустралиялық Оливия Гадеки – ұлыбританиялық Оливия Николлске жол берді – 3:6, 3:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы жарыста жеңіліссіз келе жатқанын жазған едік.

   Если вы обнаружили ошибку или опечатку, выделите фрагмент текста с ошибкой и нажмите CTRL+Enter

Орфографическая ошибка в тексте:

Отмена Отправить